Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 9 из 13



Ұстаздың сөзімен айтсақ, «Құдайды танып біл, тек Құдай ғана сені құлдықтан азат

етеді» немесе «Ақиқатты таны, тек Ақиқат қана сені шынайы бостандыққа

шығарады».

Осы кітапта келтірілген көптеген ақпараттар, ойлар, идеялар сіз қазір дұрыс деп

санайтын сеніммен бірден қайшылыққа түсуі мүмкін. Кейбіреулері тіпті оғаш, ақылға

қонбайтын, әдеттен тыс немесе қисынсыз, ақылға сыймайтын, жөн-жосықсыз болып

көрініп, сенім жүйеңізді шайқалтауы мүмкін. Таңдау өз еркіңізде: не бұл кітапқа

сеніңіз немесе оған қарсы тұрыңыз. Сіздің өміріңіз сіз қабылдайтын ақпараттың

мазмұны мен мəніне байланысты өзгереді. Кез-келген ақпартты қабылдамас бұрын

оның сіздің қалау, арман, мақсатыңызға – пайдалы, пайдасыз, зиянды екенін

анықтап алыңыз Егер сіз бақытты болуға жəне өзіне деген сенімділікті арттыруға

шын жүректен дайын болсаңыз, онда сіз ақыл-ойдың көзін ашуыңыз керек. Сонда сіз

дұрыс қабылдауды үйренесіз, ақпараттарды жіктеу, саралау, сараптау, талдауды

үйренесіз. Егер сіз шынымен бақытты болуға талпынсаңыз жəне өзіңізге деген

сенімділікті арттырсаңыз, онда сіз өз ақылыңыздың кілтін ашқаныңыз.

Жалпы кітап жазғандағы мақсатым мен сияқты емес яғни кітапта жазылғандай емес, өз ақылыңызбен ақиқатқа сүйене отырып ойлануды үйренгеніңізді қалаймын. Менің

жазған кітабым өзім үшін шындық шығар бірақ ақиқатында ақиқат емес. Ақиқаттың

не екенін біз жоғарыда атап өттік. Бұрынғы шындық деп ойлап келгеніңіздің

ақиқатын дəлелдеген кезде пайда болатын ішкі сезім мен болашаққа деген үміт пен

сенім – шексіз сенімділіктің «негізі» болып табылады. Ескі «жалған», деструктивті

зәулім сарайдың орнына жаңа «конструктивті», «ақиқат» ғимаратын салу үшін

алдымен «жалған» зәулім сарайды фундаментімен қоса жермен-жексен ету керек.

Басқаша айтқанда миыңыздағы бастапқы топырақ құрылымын (структурасын) өзгертіп, бейсанадағы барлық кедергі не қиындық тудырып тұрған ағаштарды шабу

керек.

Мұны сіз толық, сергек, жарқын жəне (іштей) бай, бақытты өмір сүруге кедергі

келтіретін қате фактілердің «негізін» шайқау, сілку, теңселту, жұлқылау арқылы

жасай аласыз. Бұл негіздер («шексіз сенімділік» және оған қарсы «қате фактілер») осы

кітапта талқыланады.

Жалған сенім бостандықты қалай шектейді?

Сенім дегеніміз не? Олар біз шындық деп қабылдаған саналы жəне бейсаналық

ақпаратты білдіреді. Өкінішке орай, жалған сенім еркіндікті, бостандықты шектейді

жəне бізді шынайы ақиқатқа қол жеткізуден айырады. Біз жалпы қалаған нəрсені

ғана қабылдаймыз, қалғандарынан бас тартамыз. Ақиқат ешқашан «қырсық адамға»

ашылмайды. Сіз ондай адамдарды білетін шығарсыз. Олар əрдайым өтірік

«фактілермен» жұмыс істейді, олардың сана деңгейінен асып түсетін нəрсені айтсаң

мойындағысы келмейді жəне оны өзінің ақылына қауіпті деп санайды. Жаңа, ерекше

жəне жарқын ой-пікір, идеяларға олар «жаман» немесе, «қолайсыз» дейтін белгілерді

жапсырады. Ескі, дəстүрлі жəне қате ойларға үйреніп қалғандықтан теріс әдеттері

көп. Олар үшін «ақиқат» қаншалықты ауыр, қиын болса да, шын, дұрыс, тура екенін

түсінуден бас тартады, ал жалған олар үшін жеңіл, оңай, алдамшы болғандықтан

«менікі дұрыс, өзім білемін» деп оны түсінуден бас тартпайды. Ақиқат өмірден, біз

қанша ұнатпасақ та, әрдайым «ізгілік ақиқаттан ғана пайда болады», ал жалған

өмірден, біз қанша ұнатсақ та, əрдайым «зұлымдық жалғандықтан пайда болуы

мүмкін». Өз сенімдерін қорғау үшін бұл адамдар айналасына берік қабырғалар, тастан

қорғандар тұрғызады және соған Құдайдай сенеді. Олар өз сенімдерін құтқару үшін, олар «Ақиқат құрушы, жасаушы, салушылардан» қашып, олардың сенімін қабылдай

алмайды. Ақиқатпен байланысты үзуге шақырады. «Қыңыр, (қисық) сенуші» ойлау

қабілетін жақсарту, үйлесімге келтіру, тәсілін өзгерту туралы ойланбайды, себебі

орта оған мұрша бермейді деп сенеді, бұл оны надан немесе ақымақ қылуы және ақыр



аяғында басқаға тәуелді етуі мүмкін. Ол өзі салған қабырғалардың ішіндегі

сенімдерді ғана көреді, таниды жəне бұл оған ақылдың, сананың шексіз екені жайлы

ақиқатты көруге, тануға, зерттеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай адамдар ақиқаттың, әрқашан оны шектеу үшін қоршаған ортадан алынған кез-келген шындықтан

(ақпараттан) үлкен, жоғары екенін түсінбейді. Иман тұрғысынан мысал: Пайғамбар

сүннеті, Құдай әмірі, Құран сөзі мешіттің сыртында да көрініс табуы керек, ол

мешіттің ішімен ғана, ғимаратпен ғана шектелмеуі керек. Немесе ғылым-білімнің

сыртқы формасымен ғана шектелмеу, ішкі мәнісіне терең үңілу, ең жанды жерін өз

игілігіне пайдалана білу. Сондай нағыз тәуелсіз, санасы шектелмеген, ақиқатпен

әрдайым бірге болатын аламдар көп болсын!

Есіңізде болсын: ақиқат пен шындық синоним емес жəне оларды шатастырмау керек.

Ақиқаттың шындықтан айырмашылығы, ақиқат шектемейді ж/е шектелмейді. Ол

жаңа білімге, ғылымға, әрқашан өсіп, дамуға шақырады. Əр адам ақиқатты

мүмкіндігінше тереңірек түсінуге тырысуы керек. «Қыңыр (қисық) сенуші» барлық

сұрақтарға жауапты білемін, мен танымаған ақпарат жоқ деп ойлайды. Ал ақиқатқа

сенетін адам біледі: адам қанша көп білсе де, əрқашан белгісіз, шексіз ақпараттар қала

береді – сондықтан үнемі рухани ағартушылыққа, алға қарай, шыңға қарай шексіз

ұмтыла береді.

Біз «қате фактілермен» шектелеміз

Егер біз өмірімізді түбегейлі, түпкілікті, жүйелі түрде жақсартқымыз, үйлесімге

келтіргіміз келсе, алдымен бізді мазалайтын проблемалардың себебін анықтауымыз

керек. Ол сөзсіз «қате фактілерде» жатыр. «Қате фактілер» – бұл біз дұрыс, рас деп

санайтын сенімдер, іс жүзінде олардың бәрі шындыққа жатады, бірақ ақиқат емес.

Олар, əдетте, адам қалауына негізделген. Бұлар қате, бұрыс, жалған қабылдаулар. Бұл

ақиқатты бұрмалайды жəне өзін-өзі алдауға əкеледі. Біз бəрін өзіміз қалағандай

көргіміз келеді, ақиқатқа көз жұмып, ал негізі біз «сенімнің дұрыс, түзу призмасы»

арқылы əлемге (қоршаған орта – шындыққа) қарауымыз керек. Біз өмірді

(шындықты) өзімізді өзгерте алатын деңгейде ғана өзгерте аламыз. Ортаны, жақын

адамдарды рухани өсіріп, дамыту үшін адам бірінші өзін өсіріп, дамыту керек.

«Қате фактілерді» яғни жалған сенімдерімізді түсіну арқылы ғана біз өзімізді өзгерте, жақсарта аламыз. Көптеген проблемалар ақиқатқа сəйкес келмейтін үміттерге

байланысты туындайды және ешқашан орындалмайтын армандарға байланысты.

Көңілсіздік – бұл біздің ойымызша, «өмір. . болуы керек» жəне «мен.. болуым керек»

деген қате идеализацияланған идеяның салдары. Бұл құбылыс ақиқаттың кедергісі

ретінде белгілі. Эмерсон: «мен күні бойы не ойласам, мен сондаймын», – деді. Қазір

сізбен интеллектуалды, эмоционалды, физикалық (қозғалыс) жəне рухани, 4

ЖАҒДАЙ тұрғысында болып жатқанның бəрі – сіздің санаңызда болып жатқан

оқиғалардың нəтижесі.

Сіз өзіңіздің қазіргі ақпараттану деңгейіңіз қандай? Сіз тек сана деңгейіңізге

негізделген ақпаратты қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Шынайы сананың

(хабардарлық) нақты деңгейі біліммен, қоршаған ортамен, отбасылық өмірмен, балалық шақтағы тəжірибемен, сəттіліктермен, сəтсіздіктермен жəне діни

сенімдермен анықталады ж/е соларға байланысты. Жақында сіз осы уақытқа дейін, әлі күнге дейін шын, рас деп ойлаған, санаған ақпараттың көп бөлігі шындыққа

жанаспайтынын көресіз, олар іс жүзінде ақиқат болмай шығады.

Ақиқаттың берік негізін құрайтын сенімдер туралы осы кітаптағы баяндалған

материалдарды оқи отырып, танысу арқылы сіз өзіңіздің қазіргі сана (хабардарлық

дегеніміз сіз қаншалықты көп білесіз ж/е қаншалықты ақылыңыз мәліметтерге

толы) деңгейіңізге негізделген ақпаратты қабылдайтын немесе қабылдамайтын

боласыз. Ақпараттың көбісі, өкінішке орай, бұрыс (дұрыс емес), қате, өтірік, жалған

немесе бұрмаланған болуы мүмкін.