Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 1 из 13



Нарша Булгакбаев

Бақытты болуды үйреніңіз! Шексіз Сенімділік

Мен кіммін?

Данышпан адамдар өзін тану үшін осы сұрақты өзіне жиі қойған, бірақ сол сұраққа

жауап табу үшін олар көп жылдар бойы «Мен Кіммін?» деп жалғыздықта өмірін

өткізіп, дүниеден толық бас тартқан. Менің ойымша бұлай жасаудың қажеті жоқ және

менің көзім жеткеніндей жауап бар, ол міндетті түрде табылады. Оны сырттан да, іштен де іздеу керек, бірақ ең алдымен маған бұл сұрақтың жауабын ішкі түйсік

(бейсана) берді, себебі мен оған осы сұрақты тоқтаусыз қоя беретінмін, және өзім

қалаған емес («Мен жазылуға лайықты емеспін», «Менің шаруам осымен бітті», «Мен

жеңілдім»), Құдай қалаған жауапты алдым: «Сен жазылуға лайықтысың!», «Сен

бәріне де дәлелдейсің!», «Сен жеңіп шығасың!»

Менің есімім Нарша, қазақпын! Мамандығым – жалпы тәжірибелі әуесқоймын

(өзімді солай санаймын), жоғарғы білімім жоқ. Бірақ оқығым келмегендіктен емес,

«Жаман Ауруға» шалдыққандықтан, ЖОО (-ны) тоқтатуға мәжбүр болдым. 5 жыл

бойы мен өте теріс, жағымсыз, негативті аурумен күресіп жүрмін, жеңетініме шексіз

сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да жаралған оның емі де жаралған.

«Жаман Ауру» жайлы

Анам бірінші түс көреді, сосын мен бірнеше күннен кейін қатты ауырып жатып

қаламын, содан кейін өмір өз бағытын түбегейлі өзгертеді, мен «Жаман Ауруға»

шалдығамын (2017), содан кейін дәрігерлермен сандалу басталады, олардан

ешқандай қайыр болмайды, одан кейін барлық нәрсеге қызығушылығым жоғалады.

Мен бірнеше рет бір жерден екінші жерге көшіп, көптеген қиындықтарды бастан

өткердім. Мен өмірдің қызығы туралы мүлдем ұмытып кеттім. Бірақ мен бес жыл

бойы аспанға (потолокқа) жай қарап жатқан жоқпын. Әйтсе де қиын, ауыр кездер

(күйзеліс, депрессия, агрессия) болған жоқ деп айта алмаймын.

Маған бәрібір жоғалтатын ештеңе жоқ еді. Мүмкін маған аз ғана өмір қалған шығар

деп, қалған өміріміді жақындарыма арнауға, оларды бақытты етуге, қуантуға

тырысып көрейін дедім, бірақ болмады, мен басқаларға бақыт сезімін бере алмадым, олар (ата-анам) керісінше менен де қатты күйзеліске түсті. Бірақ мен содан кейін ең

маңызды нәрсені түсіндім: ең әуелі өзімді бақытты етпей, басқаларды бақытты ете

алмайтынымды түсіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, басқаларға

ешқандай пайдам да керегім де жоқ екенін сезіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты

етпестен, аурумен күреспестен, басқаларға ешқандай пайда келтіре алмайынымды

білдім. Жалпы адам «жаман» не «ауру» болса, ол адамның ешкімге керегі жоқ екенін

де байқадым.

Мұқтаждықтан ауру түрлеріне, жалпы медицинаға байланысты көбірек білгім

келетін. Аурумен күресу үшін уақыт пен еңбек қажет екені мен үшін белгілі болды, оған дейін мен уақыт проблемасы мен сол еңбекке деген мотивацияны, сенім мен

үміт, әрекет ету мәселелерін шеше алмайтынмын.

Бірінші жылдары төселу, бейімделу маған оңай болған жоқ, бірақ әрі қарай өзімді

өзгертумен, Алланың қалауымен күресуді үйреніп, меңгеріп, игеріп кеттім. (Құдайға

шүкір) Дей тұрғанмен күресім әлі жалғасуда. . Жалпы менің басты арман мақсатым

кітапты жазып үлгеру болды.

Әкеден естіген ақылым күнделік жаз күнделікті сосын 20—30 жылда әсемдеп

көркемдеп, сенің жеке өмірлік кітабың болады, Мен оған «оны онсызда екі иықтағы

періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім.

Басында «Одан да басқа іс табуға болады ғой», «Пайдасыз іс емес па?» «Қолымнан

келмейді», «Денсаулығым жарамайды» деген ойлар болды. Одан кейін «Әйтеуір ермек

қой зияны жоқ шығар», «Болмаса болмас, болса болар» деп ойладым. Бірақ мен көп

іздендім, таптым, болдым.

Бір жыл өткеннен кейін кітап жаза бастадым, ауырғанға дейін де менде күнделігім

болатын, бірақ аурумен күресу үшін (өзімді алдау үшін, ермек үшін емес) «Мен нақты

кітап жазуға шешім қабылдадым». Менің ерікті (саналы) түрде айтқан алғашқы

аффирмациям осы болатын.



Жүздеген адамдардан, кітаптардан үйде отырып-ақ ақыл-кеңес, шабыт, мотивация

алдым. Сондықтан мен бұл кітаптың біреуге керек не пайдалы екеніне сенемін.

Басқалар басқаша ойлауы мүмкін, себебі әр адамның сана деңгейі әр түрлі.

Көптеген онлайн аудио/видео курстар (сабақтар) мен кітаптар маған үлкен әсер етті.

Олар мәтінді өздері құрастырады, оқиды, жазады. Ата-анаммен бірге олардың

тұжырымдамаларын қалай тыңдап, талқылағанымыз әлі күнге дейін есімде. Біз

естігендерімізден таңдануды тоқтатқан жоқпыз. Кітаптар мен аудио/видео курстар

бізге ғаламның негізгі құпияларын ашты деп айта аламыз.

Жалпы алған пайдалы білімімнің барлығы менің жадымда мәңгі сақталды деп

ойлаймын. Оның арқасында мен бақытты адам болуға көмектесетін ойлау тәсілін

қалыптастырдым.

Көрінбей кеттің ғой

Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады ғой. Менің әлі тірі екенімді көбісі ұмытып

қалған да шығар, түрімді біраздан бері көрмегеннен кейін. Бірақ өзімнің басқалармен

қарым-қатынас жасауға ниетім болмады. Мені достарымың бәрі де «Неге жоқ болып

кетті?» деп ойлаған шығар! Достар менен қашқан жоқ, мен өзім ешкіммен араласқым

келмеді, себебі сырт маған не бере алады, оған қоса осындай жағдайда, бәрін іштен

іздеу керек еді. Мен қай жерден қателестім? Мен оны кімнен білемін? деген

сұрақтардан бастадым.

Жалпы менің кітап жазудағы негізгі мақсатым: менің жасаған қателіктерімді

ешкімнің қайталамағанын қалаймын. Осы уақытқа дейін мен және көпшілік адамдар

жасап келген қателік – дұрыс қабылдамау (өзін, қоршаған ортаны, Құдайды) дұрыс

ойланбау (немесе мүлдем ойлана алмау), дұрыс әрекет етпеу (яғни дұрыс таңдау

жасап, дұрыс шешім қабылдамау), өзін-өзі дұрыс басқара алмау (нәпсісіне ие бола

алмау) және өзін тура жолда алып жүре алмау (адасу мен шатасу).

Өзімнің ойым: кітап жалпы адамды ойлайдыра да, күлдіргі де, кейде жылата да білу

керек. Сонда ол адам жүрегінен орын табады. Кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз

мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап

көмектесу үшін оны қайта қайта оқу керек, себебі адам бейсанасына бір оқығаннан

бәрі жазыла салмайды.

Бір танымал ойында айтқандай: Біз қараңғылықта әрекет етеміз, Жарыққа қызмет

ету үшін. Мен бұл кітапты қараңғылықта да жаздым, жан жарығымен де жаздым.

«Жеңдім» дейтін шексіз сенімділік бойымда бар, сондықтан ешкімнің де үміті

үзілмесін, сенімі жоғалмасын.

Менің қазіргі денсаулық жағдайым әзірше күшті деп айта алмаймын, себебі мен әлі

күресу үстіндемін. Бірақ «Рухани» жағдайым жақсы. Шүкір! Ақиқатқа Шексіз

сенімдімін!

Арнау

Біріншіден, бұл кітапты мен өз өмірін жақсартқысы келетіндердің барлығына

арнаймын. Себебі өз өмірін жақсартқысы келмейтін адам жоқ шығар деп ойлаймын.

Өз өмірін жақсарту үшін шексіз сенімді болмай болмайды. Сенімділік барлық адамға

қажет. Бұл сөздің тамыры сенім сөзінен өсіп шыққан. Жалпы сіз ойлауыңыз мүмкін

«сенімі жоқ адам болмайды ғой, әйтеуір бір нәрсеге сенеді ғой» деп (өзіне, басқаға, өмірге, Құдайға, бір затқа), бірақ бұл жерде проблема сенімнің болу болмауында емес, оның дұрыс болмауында, оның ақиқатқа сай болмауында. Бұндай жағдайда шексіз

сенімділік қалыптаспайды, оның орнына жалған өмір, «Құлдық Сана» мен тәуелділік

қалыптасады. Бұл жай ғана қарапайым жамандық емес, сондықтан сізде бұл ауру бар

болса, күлімсіреу арқылы ұялып бұл дерттен қашпай, оны емдеуіңіз керек. Бұл туралы

сізге ешкім айтпайды. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары (СМИ), телевизор

(жаңалықтар, бағдарламалар, жарнамалар), дәрігерлер мен ата -аналардың жартысы

сізге теріс, негативті, жағымсыз ақпараттың қауіптілгі мен «зияндылығы» туралы

айтпауға тырысады, керісінше «Құлдық Сананың» жалған, өтірік пайдасы туралы