Страница 10 из 13
Қазіргі сана деңгейін өзгерту ешкімге ұнамайды!
Әдетте келесі себептерге байланысты қазіргі кездегі сана (хабардарлық) деңгейін
өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдіру қиынға соғады, көбісіне ұнамайды. Бұрынғы
себептерге байланысты қалыптасқан сана деңгейімен жұмыс жасау оңай болмайды.
Біздің бейсанамызға сурет салғанымыздың бəрі біздің ішкі портретімізді көрсетеді.
Біз үшін сол портрет «Мен», «Басқа», «Дүние мен Ақырет (өмір)», «Құдай» туралы
түсінігімізге негізделген. Біз оның қаншалықты бұрмаланғанын немесе
бұрмаланбағанын ескермейміз, қарастырмаймыз, сондықтан біз үшін оңай емес.
Біздің ақыл-ойымыз барлық əрекеттер мен реакцияларды (қабылдауды) басқарады.
Өзіңді-өзің ақтау, сылтау айту, жалқаулыққа себеп ойлап табу, әлдеқайда жеңілірек, оңайырақ, бұл ешқандай да «логикалық негіз, дəлел» емес расында бұның барлығы
өзімізге қарсы жалған аргумент, көбісі бұған жаман әдеттеніп алған. Көбіне ұнамаса
да, неге біз үшін өзімізді өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдірудің қажеті жоқ немесе
тіпті мүмкін емес деп есептейміз?
Біз қазіргі құндылықтарымызды қолдайтын сыртқы əсерлерден қалыптасқан немесе
өзіміз ойлап тапқан сенімге, тәжірибеге қарай таңдау жасаймыз. Сонымен бірге, біз
күнделікті қолданыстағы әдеттенеген наным-сенімдерге сəйкес келмейтіндерді
елемейміз немесе тіпті қабылдамаймыз, одан бас тартамыз. Біз бейсана мен санаға
(орталық жүйке жүйесіне) өмірлік/өзіндік жағдайларға, ортаға байланысты дұрыс
емес реакцияларды (сыртқы не ішкі әсерге жүйке жүйесінің жауабы) қабылдадық, əрі
карай дұрыс емес бағдарламаладық. Бұл бізбен не болып жатқанын басқаша емес, дəл
осылай
қабылдауға
мəжбүр
етті.
Басқаша
айтқанда,
біз
өзімізді/өмірді/өзгені/Құдайды қалай қабылдаймыз, ойлаймыз, бейнелейміз, сезінеміз жəне және соған байланысты байланысты əрекет етеміз.
1) Қабылдау + ойлау, бейнелеу + сезіну = әрекет ету.
2) Ақпарат (айналады ой (Аффирмация) мен бейнеге (Визуализация) <ой мен
бейне (оймен бейне айналады сезімге) <сезім (эмоция) = (осы цепочка
бойынша) ең соңында эмоц амал- әрекетті мəжбүрлейді.
Әуел бастан мұндай жүйені біз өзіміз құрған жоқпыз «Орта» (Эпигенетика) құрды
жəне оны біз «тағдыр» деп атадық. Кей адамдар керісінше ойлайды «бәрі біздің
өзімізден» деп. Бастысы біз оның негізгі заңдарын өзгерте, жақсарта, түзете, жетілдіре аламыз, ол біздің қолымыздан келеді.
Біздің миымыз компьютер не робот сияқты, бірақ оларда сезім мен жүрек (бейсана) жоқ, таңдау еркі шексіз емес, қалай бағдарламаланған тек солай ған әрекет етеді. Біз
робот немесе ИИ сияқты болмауымыз керек, мал сияқты ойламай, жүрек пен
бейсананы іске қосу керек. Ондай бейсанасы (жүрегі), эгоизмі, жыны бар «Жасанды
Интеллектті» ешқашан ойлап таба алмайды. Ол үшін ғалымдар миды 100% зерттеуі
керек, ал ол ақырзаман орағанша дейін мүмкін емес. Сіз роботқа инстинкт (төменгі
сана, хайуани сана, эгоизм), интеллект (ақыл-ой), интуиция (жоғарғы сана) сияқты
күрделі эволюциялық жолмен дамыған сананың бөліктерін революциялық жолмен
сала алмайсыз.
«Сенің өзгеруің керек» жағдайлар бар екенін орта бізге айтады, бірақ сонымен бірге
олар: біздің жағдайымыз басқа адамдардың жағдайынан өзгеше емес екенін
айтпайды. Барлығын да проблема бір. Олар бірінші «сыртқы жағдайды» сосын барып
«ішкі жағдайды» өзгертуге тырысады, негізінен бірінші «ішкі жағдайымызбен»
айналысу керекпіз, сосын барып «сыртқы жағдайымыз» өзінен-өзі автоматты түрде
дұрысталып өзгереді, жақсарады, түзеледі. Сыртқы жағдай ішкі жағдайдаға тәуелді,
сондықтан бірінші «ішкі жағдаймен» жұмыс істемей «сыртқы жағдайды» өзгерту, жақсарту, түзету мүмкін емес. Көп адамдар бұл ережеге саналы/бейсаналы түрде
бағынады, егер олай болмаса бұл біздің сенімімізге қауіп төндіретін көп мүмкіндік
пен жақсылықтардан аулақ болуға, кез-келген тамаша идеялардан бас тартуға
мəжбүр етеді. Керісінше бұл бізді жаман әдеттерге жақын болуға жəне біздің рухани
жағдайымызды бұзуға әсер етеді. Мысалы, маскүнемді алайық. Оның көзқарасы
бойынша ішуді жалғастыру ұтымды, қолайлы, (баһралы) жəне қисынды, логикаға
сай. Кейде олар «Мен тек орнымен, ретімен (тойда) ғана ішемін» дейді. Алкоголь
адамның жолын байлап тастайды, мінезді бұзады, отбасылық жанжал мен
материалдық жетіспеушілікке алып келеді. Нашақор, құмар ойыншы, тамақ тұтынуда
өзін шектей алмайтын адам – бəрі де өздерінің құмарлықтарына, тәуелділіктеріне
қатысты бірдей сезімде (эмоция), олардың сенімдері қаншалықты жалған, алдамшы
болса да, қазіргі сана деңгейіне сүйене отырып, өз іс-əрекеттерін сенімді түрде
түсіндіріп, нақты жауап бере алмайды. «Мен өзіме не болып кеткенін білмеймін»
дейді. Олардың ішінде үлкен аргументтік (сенімді қуаттау не теріске шығару үшін
ақылдың бейсанаға келтірілетін дәлелі) соғыс жүреді. Таңдау жасау, шешім қабылдау
кезінде, не «иə» не «жоқ» екенін «Ақыл» (сіздің ерікті ойларыңыз) «Бейсанаға» (сіз
үшін еріксіз, сізді басқарушы) дəлелдеп беруі керек. Барлығы да қазіргі сенім мен
түсінікке, эмоционалды басым ойларға байланысты, ал бейсана мен ақыл соғысында
кім жеңеді сол ерікті іске қосып таңдау жасайды, шешім қабылдайды. Содан екі
иығымызға жазылатын «сауапты» не «күнәлі» амал-əрекет пайда болады.
Мен тек фактіге ғана сенемін дейтін адамдар бар, Бірақ оның Құран шындығымен, Ғылым дəлелдерімен сəйкес келмесе ол факт, ақиқат емес ол сіздің санаңызда ғана
ақиқат, Ал өмір (дүние мен ақырет) сіздің миыңыздағы қабылдаған не ойдан
шығарған заңдылықтарға бағынбайды, ол тек Жаратушы жаратқан табиғат (өмір) заңдылықтарына ғана бағынады. Сананы (адам жанын) өзгерту, түзету, жақсарту
жолындағы ең үлкен кедергілер – қате фактілер (өзімізге дəлдеу тырысатын
аргументтер), жалған сенімдер мен өтірік уағыз-насихаттар, инцидент (ішкі/сыртқы
қақтығыс пен жанжал), казус (ішкі/сыртқы қиын жағдайлар), шындықты ақиқат деп
қабылдау ж/е өтірік, пайдасыз ақпаратты қабылдап жатқанымызды, оның сананы
бұрмалап жатқанын мойындаудан бас тарту. Бұрыс қабылдау осыдан шығады.
Сондықтан кейде біздің өз көзқарастарыңызға күмəнданатынымыз бар. Жалған
ұстанымдарға (позиция, принцип) сүйенетініміз мүмкін екенін тексеру, өте маңызды.
Тұрақсыз адамның наным-сенімдері мен дүниетанымы үздіксіз өзін-өзі сендіру, гиноздау процесіне ұшырайды, ал бірқалыпты тұтас тұлғаның дүниетанымы үздіксіз
өзгеру, жақсару, рухани жетілу, өсу, даму процесіне ұшырайды. Ал егер невротикалық
адам болса, онда ол ұзақ уақытқа дейін өткенге жабысып алады, өзін әлсіз, шарасыз
екендігіне сендіреді, себебі ақылының ойлау жүйесі эмоционалдық бұзылған.
Невротикалық адамның өткен шақтағы шешімдері, әрекеттері туралы ойлана
беруінің жалғыз себебі – ескі, сау модельдерді қайта құруға жəне əдеттерін өзгертуге
өзін мəжбүр ете алмайтын (демотивация мен депрессия) ауыр ішкі дағдарыстар.
Егер сіздің ойыңыз жалған жəне бұрмаланған сенімдер мен құндылықтарға
бағдарламаланған болса, онда сіз өзіңіздің өмір сүру салтыңызды соған сай етіп
жасайсыз, оларды барлық жағынан ақтап аласыз. Сіз ақиқатты жалған деп
қабылдайсыз. Осыдан кейін, өз сенімдеріңізді дəлелдеуге тырысқанда, ақиқатты
бұрмалай бастайсыз. Бір жалған сенім екіншісіне апарады. Бұл нағыз шырғалаң
шеңбер (порочный круг), оны бұзып шығу керек. Әйтпесе сіз ақыл-ой мен əрекет ету
қабілетін əлсіретіп тастайсыз, өзіңізді өмірден жоғалтып аласыз. Сіз өз құйрығын
ойнап қуған итке ұқсап кетесіз. Сондықтан жабық қоршауды, орта сызып берген
тұйық шеңберді жарып шығыңыз!
Бірінші басымдық сіз үшін бірінші басымдық-сананың шекарасын кеңейту. Онда
саған дым жоқ айналайын. Маған өз ісім ұнамайды, рахат, лəззат Поощрение
əкелмейді ТІПТІ ЕРКЕЛІК КерісіншеУрааааа. . Мен бірінші құпияны бітірдім еще