Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 8 из 13



əрекеттерді «жасай аламын» не «жасай алмаймын» деп сендіреді. Гипноз жалпы

еріксіз болса да, дегенмен кей адамдарды еркіне қарсы гипноздай алмайды, оған

мысал баласына қайтыс болар шағында анасы сыйға тартқан жүзікті шештіре

алмаған гипнотизёр. Себебі гипноз жүректен сезімнен яғни махаббаттан биік емес.

Гипноз – адамды тез бір нəрсеге сендіруге көмектесетін өткізгіш көпір ғана. Мен

гипноздың мысалын сізге баға жетпес пайда əкелетін психологиялық принциптің

мысалы ретінде келтірдім.

Бір адамды оның суретші екеніне гипноздап тастауға болады, оның бейсанасы «Мен

суретшімін» дейді, бірақ оның қолына қарандаш пен бояу берсеңіз, оның ішінде үлкен

соғыс басталады, «Мен суретшімін Бірақ мен қалай сурет сала алмаймын?» Бейсанаға

қайтадан өзгеруге жаңа сенім қалыптастыруға тура келеді, Ол ойлауы мүмкін мен не

қуып кеттім не мені біреу Гипноздап тастады деп, Бейсана қуып кеттім деген сөзді

естігенде «кері байланыс» бойынша қайтадан адаптация жүреді және гипноз

шешіледі. Ол енді зомби емес. Ал енді біз қалай сыртқы қоршаған ортаның

гипнозынан шығамыз?

Ата-ана – гипнотизёр, бала соған өзін сендіруші. Мұғалім – гипнотизёр, шәкірт соған

өзін сендіруші. Балаға, студентке не оқушыға гипноз ұнамаса олар сенбейді және «Өз-өздерін Гипноздай» бастайды, тәрбиені соц сеть пен интернеттен іздейді, білімді

өздігінен іздеп оқиды және өмірде орнын таба алмай қиналады, ата-ана мен мұғалім

осылай бәрін бүлдіреді. Неғұрлым əсерлі мысал – емдеу тəжірибесі, мұнда науқас

емші балгер тәуіптің басшылығымен өз ауруын сеніммен емдейді. Плацебо эффектісі

жайлы естіген шығарсыз адамға (əдемі қорапта) саған мына дəрі көмектеседі деген

сөздің өзі жетіп жатыр, ал шын мəнісінде ағза өзін өзі емдейтін (Құдай берген) қабілетке ие. Ал Плацебо жай ғана кездейсоқтық, негізі организм өзіне-өзі жазылып

кеткен еді. Сондықтан да медицина үшін шын көмектесетін дəріні өтірік дəріден

тəжірибе жасау арқылы айыра білу өте маңызды. Жалған және өтірік «Өзін-өзі

Сендіру» (гипоназдау) мысалын неше түрлі қоршаған ортадағы ақпараттарға да

келтіруге болады. Саны көп бірақ сапасы жоқ. Пайдасызы, зияндысы көп (80%) бірақ

пайдалысы аз (20%). Қажет ақпарат қажет кезде болмаса (көмектеспесе) оқыған мың

кітабыңнан не пайда? Цифровой зомбилар көбейген уақытта Маркетологтар сіздің

цифрлық зомби екеніңізді біледі, сондықтан да олар сізді өзіңізден артық зерттеген, таныған, кеш болмай тұрғанда бұндай Гипноздан шығыңыз, Өз-өзіңізді гипноздауды

шешіңіз!

Адам бір ақпаратқа сене салысымен, (рас өтірігіне қарамастан, ақиқатпен

тексерместен) ол соған сəйкес əрекет ете бастайды. Егер олар жалған болса да, оның

сенімін растайтын фактілерді бейсана (еріксіз) жинап алады, ал ақыл (ерікті) қолдай

бастайды. Бұдан мынандай қорытынды жасауға болады: егер де біреу ақиқатқа

(Жаратушы сөзі – Құран мен жаратылыс, табиғат заңдылықтары – ғылым) сəйкес

келмейтін ақпаратты қабылдаса, оның барлық кейінгі əрекеттері мен реакциялары

(қабылдау), ойлануы өтірік жалған сенімге негізделген болады. Бұл идея

оригинальный болмаңдар демейді. Тек шындықтың (пайдалы, пайдасыз, зиянды) бәрі ақиқат деп ойламаңыз. Ол сіз үшін ғана ақиқат, өзіңіз ақылыңызбен құрастырып

жасап алған, бірақ жаратылыс деңгейінде ақиқат емес. Ал бізге тек өмір, жаратылыс

(табиғат) заңдылықтарына (Құдай жаратқан) сену керек, Жаратушы сөзіне сену

керек. Міне сол – ақиқат. Тек шын ақиқат қана адамды шын бостандыққа шығара

алады. Бұл туралы келесі бөлімде айтатын боламын.

Егер адам өз сенімін, саналы түрде өзгертуге шешім қабылдағанға дейін, өзгертуге

кіріскенге дейін, оны ешкім басқаша/керісінше сендіре алмайды. Сенімді өзгерту

үшін көп мықты тәжірибе мен эмоционалды пайдалы ақпарат (білім) керек.



Заман (уақыт) басталғаннан бері адамдар өздері білмейтін гипноздық ұйқыда болып

келді жəне ояну үшін ақиқатқа сүйенген білім мен тəжірибе керек болды. Ол туралы

тек ұлы тəлімгерлер мен ұстаздар ғана білген. Олар адамзат өзін қате фактілермен

шектейтінін түсінді жəне өзінің əлеуетін біз армандайтын барлық нəрселерден

(сыртқы бақыттан) гөрі одан асып түсетін үлкен жетістіктерге (ішкі шын бақытқа) бағыттауға тырысты. Сондықтан өмірге (дүниеге), басқа адамдарға, виртуалды

әлемге қатты сенімді болмау өте маңызды. Шынында адам тек Құдайға ғана сенімді

болу керек. Құдайға сенімді адам өзіне сенімді болады, себебі ақиқат ешқашан

алдамайды. Біз қазіргі өмір туралы, өзіміз туралы, Құдай туралы ойларымызда тек

менікі ғана ақиқат, менікі ғана дұрыс деп бір жақты айтпауымыз керек. Керісінше, осы

сəттен бастап бұдан былай біз өзіміздің потенциалымызды ашуға мүмкіндік

бермейтін, кедергі келтіретін, жалған сенімдер, түсініктер мен құндылықтардың

(стереотип, тренд, мода, хайп, байланған идеологиялар) гипнозына түскеніңізді

түсініп, мойындауымыз керек. Сіз бен біз негізінен (қоршаған ортаның) шабыттандырған, азғырған (қоздырған) жəне үйреткен нəрселерінің нəтижесіміз

немесе құрбанымыз. Сондықтан ел-жұрт айтты екен деп әр нәрсеге сене берудің

қажеті жоқ, сол сияқты ватсаптағы хабарламаларға да байланысты. Қарапайым

адамдардың көпшілігі өзінің шексіз (қуатты) əлеуетті мүмкіндігі бар екенін білмеуі

жəне оны ашуға (пайдалануға) тырсыпауы мүмкін, өйткені олар зиянды шындықпен

«Қалай өмір сүру керектігін тек өзім білемін» деген жалған сеніммен өмір сүреді. Олар

ата-аналарға, мұғалімдерге, уағызшыларға, танымал адамдарға, байларға, кітаптарға

сенеді жəне сол сенгенінің дұрыстығын дəлелдеуге тырыспайды, себебі адамның

көбісі «Құлдық Санада». Оларды үй іші, мектеп, көше немесе интернет (əлеуметтік

желілер) не өсіреді не өшіреді. Өмірде миллиондаған адамдар «ақылдылар» деп

аталатын тұлғаларға, олардың жалынды (қызу) сөздеріне ойланбастан сене салады, ал оны «сарапшылар» (сыншы, баға берушілер) яғни біз, жай ғана мойындай саламыз

немесе олармен виртуалды ырылдасамыз. Олардың ұстанған қағидалары (канон) ақиқатқа, шынайы (реалды) өмірге сəйке екендігіне көз жеткізуге тырыспаймыз. Біз

осы жалған құндылықтар мен соқыр сенімдерге жабысып алып, жалған дүниені өз

болмысымыздан артық санап одан əрі санамызды шектейміз.

Бақытымызға не бақытсыздығымызға орай, адамдар немесе ақпараттар жалпы

алғанда қоршаған орта бізді қазіргі сана деңгейіне жеткізді. Ол деңгейден асып түсу

үшін Құдайға жəне өзімізге деген шексіз сенімділікті ашу жəне дамыту қажет болады.

Сіздің бірінші міндетіңіз жұмысыңыз – гипнозды ұйқыдан ояну, себебі ол қазір сіз

болуға лайық адам болуға кедергі келтіріп жатыр. Сіз болуға лайық адам

«Мұсылман/Иманды» болу, «Құдай болу» емес, «Құдайға ұқсау». Алла қалаған роль

осы. Келесі қортыныдымен (мəлімдеме, тұжырыммен) таныс болыңыз: Гипноздан

ояну үшін сізге өзіңіз жайлы, өмір жайлы, Құдай жайлы, шындықты қабылдау шарт

емес, себебі шындық рас болуы да мүмкін, өтірік болуы да мүмкін, жалпы алғанда

шындық жалған. Ояну үшін сіз өзіңіз жайлы, өмір жайлы, Құдай жалы ақиқатты

тануыңыз керек, сонда адамда сүйіспеншілік пайда болады және қабылдау, сену

қиынға түспейді. «Ақиқат» жалған сөзінің антонимы, ол ешқашан да «рас/өтірік»

болмайды, ол әрдайым «Шын» болады. Шындық пен ақиқат мағынасы екі бөлек, шындық деп біз өмірде болып жатқан барлық жағдайды (жақсылық/жамандық), өзіңіздің жасаған барлық амалдарыңызды (күнə/сауап), Құдай туралы адамның

айтатын неше түрлі ойларын айтамыз (рас/өтірік). Шындық дегеніміз реальность

екенін ұмытпаңыз, мейлі ол қандай болса да. Ал ақиқат үшін мейлі емес, ол үшін бәрі

қымбат, маңызды, ақиқат деп біз Құдай сөзін жəне Ғылыми дəлелдерді ғана айта

айтамыз. Ал енді осы идеяны қайтадан оқып шығыңыз! Бұл сіздің өміріңізді жақсарту

қабілетіңізді, бақытты болуды, жалпы адам болуды анықтайтын негізгі фактор. Ұлы