Страница 7 из 13
адам ғана басқаны өзіндей сүйе алады.
Алдымен өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандырыңыз.
Өзіне сенімді адам болу үшін сіз ең алдымен өз қажеттіліктеріңізді (мұқтаждық) қанағаттандыруыңыз керек. Бір қарағанда, бұл мəлімдеме өзімшіл (тəкаппарлық) болып көрінуі мүмкін, бірақ тағы да қайталайық – тек өзімізді толыққанды түсінген
кезде ғана адам боламыз. Біз бірінші өзімізге көмектесуіміз керек: өзіңе
көмектескенің басқаға көмектескенің, басқаға көмектескенімің өзіңе көмектескенің.
Бұл жаңылтпаш емес, бұл даналық сөз. Сондықтан соған сай амал-əрекет жасау
арқылы ғана біз отбасымызға, достарымызға, əріптестерімізге, қоғамға жəне жалпы
адамзатқа пайда əкеле аламыз. Сіз əлемді (дүние) жақсы жаққа өзгерте алмайсыз, бірақ сіз өзіңізді өзгерте аласыз. Ал өзіңізді жақсы жаққа өзгерте алсаңыз, онда əлемді
(өмірді) де өзгерте аласыз. Əр адам өз өмірін бақылауға алып, өз өмірі үшін
жауапкершілікті мойынына алған кезде ғана адамдар жақсы жаққа өзгереді. Өз
қажеттіліктеріңізді (мұқтаждық) бірінші орынға қоятын уақыт келді. Бұл шынымен
азат (еркін) болудың жалғыз жолы. Физикалық құлдық, сөзсіз, қылмыс болып
табылады. Алайда ішкі, психикалық, эмоционалдық (ақыл-ой, сезім) «Жан Құлдығы»
əлдеқайда қорқынышты, өйткені оның жазасы, Декарттың жақсы жазғанындай,
«тыныш, үмітсіздікке (шарасыздыққа) толы еріксіз өмір».
21-40-100 күн техникасы
Сіз қабілет пен икемділікке қарай, дарын мен талантқа қарай (сала, мамандық, арман-мақсат бойынша) дұрыс таңдау жасау, батыл шешім қабылдау, және ең бастысы
сапалы жоспар құруды үйренетін боласыз. (бұның барлығын қалай дұрыс жасау
керектігін алда айтатын боламын)
Бір сəтке сахнаның артындағы өмірге өтіп, қарапайым, бірақ өте тиімді оқыту əдісіне
көз жүгіртейік, назар аудайық. Ол 21-40-100 КҮНГЕ ƏДЕТ деп аталады. Ескі
деструктивті, бүлдіргіш əдеттен (жағдайдан) арылып құтылу үшін, жаңа позитивті
(оң) əдетті қалыптастыру үшін кемінде 21 макс 100 күн қажет екендігі анықталды.
Осы кітапта келтірілген материалды толықтай игеру үшін сізге шамамен сондай
уақыт қажет болады. Мен сізді адастырғым келмейді. Сіз оны бірден түсінуіңізге
болады, бірақ қажетті өзгерістерді ынталандыру, қызықтыру үшін зияткерлік
(интеллектуалды) түсіну ғана жеткіліксіз. Екпінді, серпінді толқын, эмоцияның
көтерілуі мен мотивация саналы (ерікті) тəжірибемен келеді. Сіз қарапайым
түсініктен жете түсінікке (сезімге) өтуіңіз керек. Бір сөз, ой, идеяны жете түсіну
(дұрыс түсіну) үшін оны ойланудың, сезінудің, əрекет етудің жəне реакцияның
(қабылдау) бір бөлігі етіп қабылдап алу керек. Барлығы уақытты қажет етеді.
Сондықтан кітапты бір рет оқығаннан кейін бəрін түсінемін деп ойламаңыз. Бұл
алынған (үйренген) ақпарат жаңа əдетке айналғанға дейін оқуды жалғастырыңыз, себебі жалпы кітап оқу санына емес сапасыны яғни берер пайдасына байланысты
бағалы, құнды, кітапты қайта-қайта оқып қана оның мəнісін ұға аласыз. Барлық
істерді біраз уақытқа қалдырыңыз, толығымен кітапқа назар аударыңыз. Ескі теріс, деструктивті, жағымсыз əдеттерді жаңа, оң, конструктивті жəне жағымды əдеттерге
өзгертуге кететін уақыт – сіз жетуіңіз мүмкін еркіндікпен (ішкі шын бақытпен) салыстырғанда аз ғана инвестиция. Егер кейде мен тым астамшылықпен сөйлейтін
болсам, бұл сіздің қасарысқан қарсылығыңызды жеңу үшін жəне сізді шындықты
(ақиқатты) естуге жəне қабылдауға мəжбүр ету үшін. Егер кейде мен батыл сөйлетін
болсам, онда сіздің қарсыласуыңызды жеңіп, шындықты (ақиқатты) естуге жəне
қабылдауға көмектесу үшін.
Ал жалған, алдамшы бақыт орын алған кезде (алтын медаль тағасыз) сіз керемет
сезімге бөленесіз, содан кейін ішкі дауыс сізге: «Ия, енді сен шын бақыттың не екенін
сезіндің», – деген сияқты. Басында ол солай сезіледі, (бір ғана уақытша қызықтар) жұртқа солай көрінеді, ақырында өмірдің мəні ол емес екені білінеді, Байлық, танымалдылық, дүние мүлік..
Жақсы нəтиже алу үшін алдымен кітапты толығымен оқып шығыңыз, оның барлық
материалдарымен танысыңыз. Содан кейін сіз үшін маңызды тарауларды қайта оқып
шығыңыз, өзгемен емес өзіңізбен ақысыз жұмыс жасаңыз. Сипатталған
принциптерге, идеаляларға сіздің санаңызға мүмкіндігінше терең енуге мүмкіндік
беріңіз, бірақ ең бастысы – оларды тез арада, дереу іс жүзіне асырыңыз былайша
айтқанда реалды (шынайы) өмірге əкеліңіз.
Гипноздан шығыңыз.
Əр адам белгілі бір дəрежеде басқа адамдардан (ортадан) алынған ақпаратпен немесе
өзін-өзі сендірген, шындық (ақиқат) деп қабылдаған ойлармен гипнозға ұшырайды.
Бұл ойлар оның мінез-құлқына, іс-əрекетіне, (тірі ж/е виртуалды әлемдегі
гипнозшының шеберлігіне байланысты) əсер етеді. Бала кезден бастап барлық
адамдар бейсаналы түрде гипноз күйіне міндетті түрде түседі. Түсінікті болу үшін, гипноз кезінде адамға не болатынын түсіндіріп берейін. Егер де бір сау адамды бір
нəрсені жасай алмайсың, қолыңнан келмейді деп сендірсе, ол шынымен де сол
əрекетті жасай алмайды. Себебі сенім санадан бейсанаға (яғни жүрекке) өтіп кетсе
адам сол сеніміне байланысты зомбиға айналады. Бұл оның мұны істеуге
тырыспағандығынан емес екенін ескеріңіз. Ол тырысады, бірақ жасай алмайды. Бір
жағынан, ол əрекетті ерікті санасымен немесе физикалық күш салу арқылы жасауға
тырысады. Бірақ екінші жағынан, «сенің қолыңнан келмейді, жасай алмайсың» деген
сенім оның ақыл-ойына, санасына бұл «мүмкін емес» деп сендіреді.
«Өз-өзімізді Гипноздау» жағдайында біз ақыл-ой күшімен жəне дене күшімен
айналысамыз яғни сенімге байланысты әрекет етеміз. Бірақ адамның ерікті санасы
(ақыл-ойы) да, физикалық қозғалу қабілеті (дене күш-қуаты) да «Бейсанадан» еріксіз
санадан жеңіліп қалады. Тағы да бір мысал: бұл бейсана мен ерік-жігер күресі. Онда
бейсана əрқашан жеңімпаз болып шығады! Көптеген адамдар өз өмірлерін тек ерік-жігермен ғана өзгерте алатынына сенімді. Олай емес! Санадан туындаған теріс
(жағымсыз, негативті) ойлар олардың өздеріне зиян келтіреді. Жұмсалған ерік-жігерге қарамастан, олар бейсананы түзетпей нəтижеге қол жеткізе алмайды.
Олар бейсанасымен жалған, өтірік сенімді дəлелденген факт ретінде қабылдап
қойған. Олардың барлық қабілеттері, жақсы ізгі ниеттері мен ерік-жігері, шындық
деп қабылдаған сенімі ақиқат емес жалған болса мүлдем пайдасыз болады, тіпті
зиянды болуы мүмкін. Сондықтан сыртқы «Өзін-өзі Гипноздаудан» шығыңыз. Мен
адамның мүмкіндіктері шексіз екенін дəлелдей аламын, себебі оның қиялы мен
санасының күш-қуаты да шексіз. Жалпы адамның миы екі әлемнен тұрады «Қиял
Әлемі» ж/е «Сана». Қиял әлемінде адам қиялдайды, армандайды, бұл «Ішкі
Визуализацияның» бір түрі. Ал сана үшке бөлінеді: «Бейсана» (еріксіз), «Ақыл»
(ерікті), «СуперСана» немесе «Жоғарғы Сана» (еріксіз). Әрқайсысына бейсанадан
бастап алдағы тарауларда тоқталатын боламыз.
Гипнотизёрлар жайлы
Гипнотизёрлар шоу жасап өздерін сиқыршы ретінде сезінеді, өйткені олар адамды өз
еркінен тыс əрекеттерді жасауға мəжбүр етеді. Сығандық гипноз жайлы естіген
шығарсыз немесе шамандық транс. Гипнозды сығандар ұрлық мақсатында
пайдаланған, ал шамандар емдік мақсатта, жын шығару үшін (психозды басу үшін) пайдаланған. Олар өздерінің не істеп жатқанын білмеген, бұны білімсіз тәжірибе
дейді, Сығандар да Шамандар да Мидың қалай жұмыс істейтінін білмейді. Бірақ олар
оқымаған білімінің нақты тәжірибесін біледі, Шамандар жын шығару үшін, ауруларды сендіру, гипонздау арқылы емдеу үшін пайдаланған және бұл шынымен
жұмыс істеген. Қазіргі ғылымның дәлелдеуі бойынша гипоздаудың екі тәсілі де
мидағы «Доминанта Теориясы» бойынша қол жеткізген. Шындық мынада: адамды
гипнозға түсуге итермелейтін күш оның ішінде (бейсана) жасырылған. Мұны
түсінбестен, адам өз бейсанасымен «Өзін-өзі Гипноздайды», ол өзін қандай да бір