Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 6 из 13



өзіңіздің шексіз əлеуетіңізді (қабілеттеріңізді) жəне бай шығармашылық өміріңізді

босатудан (іштегіні сыртқа шығарудан) ынталандыратын жəне шабыттандыратын

басқа ештеңе жоқ. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді бола аласыз. Мұны істеу сіз ойлағаннан да əлдеқайда

оңай! Сонымен, егер сіз дайын болсаңыз, бастайық!

Адасқан көпшілік

Басқаларды бақытты деп санайсыз ба? Адамның бəрі бақытты ма? Егер сіз

айналаңыздағы адамдарға мұқият қарасаңыз, олардың арасында өзін-өзі жүзеге

асырып, өмірдің мəнін таба білген бақытты адамдар көп емес екенін байқауға болады.

Көбісі өмірдегі қарапайым қиындықтар мен күнделікті проблемаларды жеңе

алмайды. Кей адамдар тұрмыс-тіршіліктен қолы тимей, өмірдің (дүние) жалғандығымен келіспей жүр. Сананы болмыс билейді деп болмысты тұрмыс-тіршілік пен шатастырып жүр. Медиацияны (сізге түк қатысы жоқ, пайдасы жоқ

посредниктардың идеологиясын) қабылдау өмір салтына айналды. Өздерінің

қабілетсіздік сезімі, сəтсіздіктері мен көңіл толмаулары олардың қоғамды,

басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр

етеді. Жəне бұл адамшылық (гуманизм) емес!

«Өмірді тек сыртқы адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға

(отбасы) байланысты» жəне «Бәрі сыртқы жағдайларға (айнала, орта) байланысты»

деген сенім олардың санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін

логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.

Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен

жетістігі – ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің сыртқы жақтарын

өзгерте алатындығымыз», – деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен

шындық бар. Біз өмірдің (дүние) құрбаны емеспіз, Алланың Рахмани

жаратылысымыз, Ал ол (Құдай) өмірдің басты авторы, ал біздер соавторлармыз.

Немесе тағы бір даналықта айтылғандай: «Біз өзіміз туралы ойлағандай емеспіз, бірақ

біз күні бойы не туралы ойлаймыз сол бізбіз!»

Бір отар қой

Батылдықтың (ерліктің) қарама-қарсы антонимы қорқақтық деп ойлап келдік, негізінде олай емес. Ол – конформизм (басқа адамның немесе қоғамның, виртуалды

әлемнің қысымының әсерінен адамның мінез-құлқының, ой-пікірінің өзгеруі немесе

басқаша айтқанда соларға бейімделу, жеңілуге келісе салу). Біз өміріміздің баға

жетпес жылдарын көпшілікке бейімделуге (ел-жұрттан қалмауға) жұмсап жатырмыз, бірақ оның бәрі тез əрі оңай емес екендігіне көз жеткізген кезде, «қолымнан

келмейді» деген түсінік бізді шексіз сенімділіктен алыстатады. Конформизммен

соғысты тоқтатуға, дауды шешуге, сынақ қиындықтарға төтеп беруге, соц ортаға

бейімделуге болады деу бос сөз. Конформизм ол көпшілікке еру (құр бос еліктеушілік) басқаша айтқанда «игра в имитацию» деген сөз. Себебі біз тобырға (толпа) бейімделеміз, солардың артынан ереміз деп жүріп, бағалы уақытымызды

жоғалтамыз. Олардың айдауына келісіп бір отар қойға қалай кіріп кеткенімізді

білмей қаламыз. Бізді қой (скот) сияқты бір-біріміздің соңымыздан соқыр сеніммен

ере беруге мəжбүрлейтін не/кім? Біз ел-жұрт сияқты болғымыз келеді. Олар не қаласа

біз де соны қалағымыз кеп тұрады. Ақыр соңында, адам басқа адамдарға немесе

қоғамға бағынады. Әр түрлі бұрыс сенім бізді өз қалауымызбен тұтқынға

айналдыратын ерікті, ішкі «Құлдық Сананы» қалыптастырады. Отбасы мүшелерінен, достардан жалпы басқа адамдардан (танымал, бай) өзгеше екенімізді, оларға 100%

ұқсай алмайтынызды және ешкімге ұқсамайтын жеке дара жолымыз бар екенін

түсіну үшін қойша, мал сияқты ойлауды қоятын кез келді. Өзімізді жазғыруды, өзгелерді кінәлауді доғаратын кез келді. Көпшіліктің, виртуалды әлемнің өмірімізді



басқаруына мүмкіндік бермеу арқылы көптеген азаптан (қорлықтан) аулақ болуға

болады. Ал саналы, ішкі «Құлдық Сана» бізді өз еркімізбен тұтқындайды, түрмеге

жабады. Біздің ойларымыз – бұл бейсана (қабылдаған ақпараттың) элементтерінің

барлығын көрсететін көшірмелер, бұл көшірмелер оң, жағымды, позитивті немесе

теріс, жағымсыз, негативті сенім мен түсініктен тұрады. Сіздің өміріңіз – бұл сіздің

ақылыңыздың жұмысының дəл көрінісі, нәтижесі, салдары. Сол арқылы біз сөзге-сөз, ойға-ой ниет пен қалауымызға қарай жаман немесе жақсы, қуанышты немесе мұңды, сəтті немесе сəтсіз барлық нəрсені өз өмірімізге тартамыз. Бұл барлық салаларға

қатысты – жұмыс, неке (отбасы), денсаулық жəне рухани өмір. Бұл туралы

ойланыңыз! Қоршаған əлем (орта) – бұл ойдың ішкі жұмысының (мидың) сыртқы

көрінісі, нәтижесі, салдары. Өзіңіздің кім екеніңізді анықтап түсініп (өзіңді, дүние мен

ақыретті, Құдайды танып), қалай мал емес адам болуға болатыны туралы сұраққа

жауап таба аламыз.

Рухани күш керек сенімді болуға

Шекспир: «Біз өзіміздің кім екенімізді білеміз, бірақ кім бола алатынымызды

білмейміз» деп жазды. Бұл сізге қатысты ма? Сіз өзіңіздің шектеулеріңізді, сəтсіздіктеріңізді, қателіктеріңізді анықтадыңыз ба? Сіз кім бола алатыныңыз

туралы ойлауды тоқтаттыңыз ба? Мəселе мынада: ерте жастан бастап сіз өзіңіздің

шын қабілеттеріңізді көруге, бірегейлігіңізді (уникальность) сезінуге жəне оны

жүзеге асыруға кедергі болатын жалған идеялармен (ой-пікірлермен), құндылықтармен жəне сенімдермен бағдарламаланғансыз. Шындығында, сіздің

өзіңіздің өміріңіздің соавторы ретіндегі рөліңіз сізге оның кез-келген аспектісін

(көрінісін), оған қатысты (өмір, тағдыр жайлы) көзқарасты өзгертуге күш, мүмкіндік

береді. Барлық керемет тəлімгерлер бір қорытындыға келді: өзіңізден басқа ешкім

сіздің мəселелеріңізді (проблема) шеше алмайды. Ұлы Ұстаз айтқандай: «Құдай

Патшалығы сенің бойыңда (ішіңде), кішкентай болса да оны өсіріп дамыту сенің

міндетің». Ол алыс елдерде немесе көкте емес. Будда да осындай тұжырымға келді:

«Жан жарығын өзің жақ, ештеңеге сүйенбе жəне өзіңнен басқа ешкімнен көмек

іздеме». Немесе Абай айтқан «Өзіңе Сен» концепциясы осыған сай келеді. Емдеу, түзету, жөндеу, дұрыстау, жақсарту (ремонт пен коррекция) күші біздің бойымызда

жасырылған. Денсаулық, бақыт, өркендеу, даму жəне жан тыныштығы сіз жағымсыз, негативті, теріс ойдың, сезімнің құрсауын бұзған кезде пайда болады. Егер сіз

өзіңіздің шынайы құндылығыңыз, маңыздылығыңыз, мәнділігіңіз, қажеттілігіңіз, керектігіңіз туралы білмесеңіз және өзіңізге әділ баға бермесеңіз, сіз толықтай, шексіз сенімді бола алмайсыз. Сіз өзіңіздің бірегейлігіңізді, таңдаулы екеніңізді

мойындай алатын дəрежеде ғана, өзіңіздің ерекшелігіңізді, айырмашылығыңызды, өзгешелігіңізді (специфика) біле алатын деңгейде ғана шектеулерден босай аласыз.

Өз қолыңызбен тұрғызған, көтерілген миыңыздығы зəулім ғимаратты құрастырған, (яғни сізді қалыптастырған) кім? Орта ж/е сіз! Ол құрылысқа ең бірінші ата-ана, отбасы мүшелері, туған-туыс, мұғалім, достар, одан кейін қоғам, тіпті барша адамзат

қатысқан еді. Есіңізде болсын біз өз өмірімізді басқалардың басқаруына мүмкіндік

беру арқылы шектейміз. Егер сіз өзіңізді кінə сезімін (өкініш) тоқтатпасаңыз жəне

мидағы кемшіліктер үшін өзіңізді қорлауды (кемсітуді) тоқтатпасаңыз, толық өзіне

деген сенімділік пен жеке бас бостандығы үшін шексіз жəне пайдасыз күрес

жүргізетіндердің қатарынан шыға алмайсыз. Шынымен нағыз еркін (азат), мейірімді

(жанашыр), сүйіспеншілікке толы жəне ілтипатты болу үшін сіз өзіңізді түсініп, жақсы көруді (сүюді) үйренуіңіз керек. Кей ата-аналар бала кезінен: «Басқаны өзіңдей

сүй» деп балаларына айтқан еді, бұл жақсы ақыл, бірақ біз өзімізді адекватты

(реалды) бағалауды үйренбейінше, бұл бізге де, басқаға да мүмкін болмады! Неге?

Себебі «Эгоизм» мүмкіндік береді. Сіз өзіңізге жоғары баға беріп тəкаппарлық пен

мақтаншақтық дертіне шалдықтыңыз немесе төмен баға беріп көңіліңізді қорқыныш

(үрей) пен мұң (депрессия) басты. Тек өзіне адекватты (шынайы) баға бере алатын