Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 5 из 13



Көрнекілік + Эмоция = Әрекетсіз Әрекет = Физикалық Әрекет = Дәлелді

Нәтежие) + Шын бақыт (Екі дүние бақытының сыр-құпиялары) = (ішкі

механизм арқылы өздігінен жететін) Мәңгілік Жетістік пен Жеңіс

Әрекетсіз әрекет пен Шын бақыт Алдағы кітаптарда, Құдай бұйыртса. Әзірше осы!

Кітап күрделі, түсініксіз болып көрінуі мүмкін, бірақ бәрін де алда, жеке-жеке

түсінетін боласыз.

Ойлау жүйесі

Аффирмация (мен оны растама деп атаймын) дегеніміз ой, Аффирмациямен айналысу

(растау) дегеніміз ойлану, ойланудың үш түрі болады: дұрыс (Ақиқат қалайтын), позитивті (біз қалайтын) және негативті (біз қорқатын).

Аффирмация (растама) деген жалпы не? Өз өзіңе не басқаға сұрақ қою, яғни ішкі

диалог немесе басқа бір адаммен әңгімелесу, сыртқы диалог. Растама бар болғаны осы

ғана. Ал енді кеңейтілген түсініктеме:

Аффирмация (Мен оны Растама деп атаймын) дегеніміз ой, ой дегеніміз сөз, онымен

бейсаналы (еріксіз) түрде біз онымен бала кезімізден тіл шыға бастаған кезден бастап

айналыса бастаймыз. Біз оны қалай жасаймыз? Екі түрлі жолмен, өзімізге не өзгеге

сұрақ қою арқылы немесе тек ішкі диалог (өз-өзімізбен сөйлесу арқылы) арқылы. Сол

себептен Аффирмация дегеніміз сұрақ қою мен сөйлесу (өзгемен не өзіңмен). Тағы

қайталап айтайын ой дегеніміз ішкі сөз, яғни іштен шығатын тоқ генераторы (бар

болғаны кішкентай ғана милливольт) арқылы пайда болатын жүйке жүйесінің

импульстары. Адам тіпті ұйықтап жатқанның өзінде (бір шамды жаға алатындай) тоқ

бөледі екен. Біздің жанымыз (миымыз) үшін қоршаған ортаны зерттеу өте маңызды, себебі біз сол арқылы өз жанымызды (миымызды) өсіріп, дамытамыз. Ал қазіргі

көпшілік психологтар ұсынып отырғаны – сол Аффирмацияларды яғни ойларды, бейсаналы еріксіз емес саналы ерікті түрде жасау. Сонда өз өміріңнің сценарийі

(тағдыр) басқа бір адам не теріс орта жазбайды, өзіңіз жазасыз. Сол арқылы

Аффирмациялар арқылы тағдырды өзгертуге болады. Сонымен қатар Аффирмация

арқылы сыртқы өмірге (ортаға) деген «Тәуелділіктен», сыртқы теріс факторлардың

әсерінен арылуға болады, яғни «Құлдық Санадан». Саналы (ерікті) түрде 3 апта

Аффирмациямен айналысудың өзі адамның 4 негізгі қабілетіне: (Өзін, Өзгені, Құдайды) қабылдау, ойлану, сезіну, әрекет ету үлкен әсер етеді, терең өзгерістер

туғызуы мүмкін. Бәрі онымен дұрыс айналысуға байланысты екенін ұмытпаңыз.

Себебі көп адамдар Аффирмацияларды дұрыс жасамайды.

Сол себептен ол оларға көмектеспейді, пайдасын көре алмаған ол «Ішкі әлемге енді

қайтіп оралмаймын» «Өтірік бәрі» дейді де, қайтадан Сыртқы әлемге тәуелді болады.

Ең бастысы Аффирмациялар теріс, жағымсыз және негативті болмауы керек. Жалпы

сөйлемнің (тыныс белгілерімен аяқталуына байланысты) үш түрі болады ғой: нүкте, сұрақ қою, леп белгісі. Сол сияқты Растаудың да үш түрі болады: Нүкте қою арқылы

(аяқталған ой немесе толық ой), сұрақ қою арқылы (жауап іздеуші ой) жəне леп

белгісі арқылы (эмоционалды ой)

Ойлау Жүйесін өзгерткеннен өмірдің мәнісі өзгереді!

Басты Проблема

Барлық семинар-тренинг (бұл батыс үшін той екен), марафон-эстафета, онлайн

оффлайн сабақтар, кітаптар ешқашан өздерін жаманбыз деп айтпайды. Әркім өзінікін

(ақылын) ақша үшін сатады, ел-жұрт жақтайды, өздері мақтайды. «Тек Мен ғана сені

бақытты етем» дейтін жалған уәдені ешкім бере алмайды, себебі адамды бақытты ету

мүмкін емес, адам өзі бақытты болуды үйренуі керек. Қазіргі кітаптар, қазіргі

жігіттердің қыздарға беретін уәдесі сияқты. . жоқ жақсы кітаптар бар (жақсы тұрып

отбасы боп кетіп жатқандар да бар). Жақсы кітап оқып Адам болып, Тұлға болып

қалыптасқан қалыптасқандар да бар. Адамдар қазір екі лагерьге бөлініп алған сияқты

біреулері тек дүние қуып жүр, ал біреулері тек ақыретті қуып жүргізу дейді. Ал кейбір



адамдар екеуін де қатар ұстап жүрміз дейді. Бірақ бұл айналып келгенде екіжүзділік.

Жалпы адамның Басты проблемасы үш нәрсені дұрыс жасамайды (ақпарат қабылдау, ойлану-сезіну, амал-әрекет ету) және өзінің жағдайын сылтауратып, мотивация

жоқтығынан жалқаулыққа салынады.

Тән мен Жан, Дүние мен Ақырет жайлы қысқаша шолу

Жалпы адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады (бірақ тән

табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады), күйзеліске ұшырамайды.

Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуды ескертеді. Ал өлім деген бұл жай ғана

бірінші өмірден екінші өмірге өту барысындағы, жанды тәннен ажыратып алу

процессі. Жан тәннен ажырағаннан кейін, не шайтан болып, не жай жануар сияқты

болып (жақсы да емес жаман да емес, әйтеуір өтті, кетті), не ең биік дәреже-деңгей Рух

болып бірінші дүниемен қоштасып, Барзах әлеміне өтеді.

Жалпы өмір екіге бөлінеді дүние (бірінші өмір бұл – өлімге дейінгі материалды

(заттық, көріп жүрген) мәңгілік емес өмір) және ақырет (ақырзаманнан кейінгі екінші

өмір – жаңа, шешуші, маңызды және мәңгілік өмір), ал қиямет дейтін ол

«Ақырзаман» дүние (бірінші өмір) уақытының соңы, ақыры. Ал жалпы алғанда өмір

сияқты уақыт та шексіз және ол өліммен бітіп қалмайды. Мұсылман адам дүниеден

бас тартпауы керек, бірақ ақыретті әрдайым бірінші планға қою керек. Жалпы тізгінді

шамадан тыс жанға не тәнге беруге болмайды. Бұл екеуі бірігіп нәпсіні құрайды (нәпсі

= жан + тән).

Формула:

Адам = Нәпсі (жан + тән)

ТӘН МЕН ЖАН ҮЙЛЕСІМІ

Өз қажеттіліктеріңізді ғана қанағаттандыру бұл ақиқатқа бастайтын жол емес. Әрине

бірінші кезекте тән құмары (тамақ, ұйқы) табиғат заңдылығы тұрғысынан маңызды, бірақ сонымен қатар жан құмары (көрсін, білсін, естісін, танысын) да тәнмен бірге

үйлесімде (баланс) болу қажет. «Жан құмары» болып, «Тән құмары» болмауы мүмкін

емес және керісінше де солай адамда екеуі де болады. Егер де тек тән құмары болса

адамды «Жануар» деп айтуға болады. Тән құмары бар, бірақ жан құмары өшкен, сөнген адамды «Өлі Жан» десе де болады.

1. Мал сияқты ойламаңыз

«Шексіз Сенімділік» пен «Шын Бақытқа» жетуге болады. Бірақ көбіміз жаман ойлауға

әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін.

Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз. Бірақ ол амалдардың барлығы

сыртпен байланысты болғандықтан олардың көмегі уақытша, тұрақты емес, алдамшы ғана. Өз ішіне үңілуден қорқатын адамдар бар, Өйткені олар абсолютті

түрде Сыртқы қоршаған ортаға («жалған» деп аталаты) «тәуелді» болып қалған. Бұл

«тәуелділік» «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болғандықтан ең бірінші «Мал

сияқты ойлауды» доғару керек.

Отырыңыз, орындар шектеулі! Жолға шығу уақыты!

Жақында сіз болашағыңызды сенімді етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шығасыз.

Сіз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай

қалпына келтіруді үйренесіз. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді

төмен санасаңыз жəне өмірге сенімділікпен жəне ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз, бұл кітап сізге арналған. Егер сіз қазір өмірге наразы (өкпе, реніш, кек, наз) болсаңыз, сіз өткен өмірге де, болашақтағы нəтижелерге де

қанағаттанбайсыз (риза болмайсыз). Ендеше өмір ағымымен ақымақ, надан (мал, құл) болғыңыз келмесе, еркін жүзгіңіз келсе келесі беттерде сіз сұр, үмітсіз өмірге

балама бар екені туралы білетін боласыз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға (ой-пікірлер), құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау

процесін қалай қайта құруға жəне жаңа «Мен» -ді қалай оятуға болатындығын білетін

боласыз. Осы қағидаларды үйренгеннен (меңгеру, игеру) кейін сіздің өміріңіз

бақытқа, махаббатқа, еркіндікке, ақшаға жəне сенімділікке толы болады. Өйткені