Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 80 из 82

Таймас енді алыстан орағыта сөйледі.

— Түс жоруына қарасам, алдымызда күткен тек ажал бар. Әлі де болса ойлансақ, Кенеке…

— Арманыма жету үшін орта жолда ажалым тұрса, одан қорқып, бас тарт- пан. Он сегізімде найза ұстап, жауға шапқанымда, түбі жау қолынан өлетінімді білгем. Несіне ойлан дейсің маған?

— Артыңызда ерген жұртыңыз бар ғой. Оның тағдырын қайтесіз?

— Мақсатына жете алмаған жұрт енді маған ермейді. Ал ере қалғаны мен не көрсем, о да соны көреді. Бір қайыққа мінсек, енді ажалымыз да, амандығымыз да бір болады.

Таймастың іші мұздап кетті. «Япырмай, бар халық қырылып қалса да Кенекең жартастай мызғымас. Мұндай да тастай қатты адам туады екен!» Бірақ Кенесары өзінің сөзінен шықты. Осыдан екі жылдай өткен соң, Кекілітау баурында бар қолын қырғыз, қоқан, орыс әскері қоршап алып, құтылу жолы жал- ғыз ғана қоршауды бұзып шығу болғанда, ол: «Аттарымыз мықты, біз қоршау- ды бұзып шығармыз, ал аттары нашар өзге жұрт не істейді? Жоқ, соңымнан ерген серіктерімді тастап, ажалдан құтылмағаным-ақ болсын!» — деп өзі қолға түскенше әскерімен бір болды, оларды тастап бас сауғалап қашпады.

Дәл осы сәтте Таймас Кенесарыға көршілес елдерден де, соңынан ермеген қазақ руларынан да рақым болмайтынын анық түсінді, Оған кенет хан Кене жан-жағын тасқын қаптаған жалғыз бәйтерек тәрізді көрініп кетті. «Ұзаққа шыдай ала ма сол жалғыз бәйтерек? Бұл сұраққа жауапты тек уақыт ғана бере алатын тәрізді. Таймас Кенесары басына төнген қара бұлтты еш дауыл сырғытып әкете алмайтынын тағы анық сезінді. Ол жараланған қасқырдай неден болса да тайынғысы келмей тұрған қолбасшысын аяп кетті. Ең болмаса соңғы ақылын айтып жәрдем бергісі келді.

— Егер жұрт, туған жерінен айырылғысы келмесе қайтеміз? — деді Таймас. — Оларды сойылдың күшімен көшіре аламыз ба?

— Ондай қаталдықтың енді керегі қанша? Ергені ерсін. Ергісі келмегені қалсын. Халқымның жеткен жері сол болса, өкпелегеннен не табасың…

Ертеңіне мәжіліс ашылды. Кенесары бар жағдайды ашып беріп, Шу мен Іле бойына көшуден бөтен жол жоқ деп сөзін бітіріп: «Ал енді қандай кеңестерің бар?» деп, отырғандарға көз тастады. Отырғандар еш жауап бере алмай жерге қарады. Осылай бірталай мезгіл өтті.

әлден уақытта барып Тәуке батыр:

— Атта жал, адамда қам жоқ, — деді ауыр күрсініп, — біз қозғалып Шуға жеткенше қыс болады… Қыс та бір, жау да бір, босып барып қырылғанша, ажалды ата-мекен жерімізде тосып алған жөн. Ең болмаса көмусіз қалмайық. Көшудің қажеті жоқ.

Тағы да ешкім үндемеді. Тек от тісті, орақ ауызды қызу қанды Қыпшақ Иман батыр орнынан атып тұрып:

— Не малтаңды езіп отырсың. Тәуке батыр? — деді даусы дала қыранындай, шаңқ етіп, — жерінен, суынан айырылған халқына, Кенекең «әлі де болса жауыңа жеңгізбеймін, соңымнан ер» деп отырғанда, ел басына бүгінгі туған ауыртпалықтан қорқып, кейін шегінейін дедің бе? Атта жал, адамда қам жоқ, қыс көзі қырауда деп елдің қамын ойлаған боласың, Тәуке! Айдаһардай жұтайын деп келе жатқан жауыңнан соңынан ерген аз елін басқа жаққа әкетпек Кенекеңнің шешімі ел қамы емей, ненің қамы? Маған салсаң, қарамағымдағы елу ауылды ертіп Шуға қарай бүгін көшуге бармын. Туған жерім деп ақ патшаға кеткен қайырсыз қонысқа жабыса берер жайым жоқ.

Бұл мәжіліс екі күнге созылды.

Ақырында, қарамағындағы елдің азғанасы ғана Кенесарыға еріп, қалғандары өздерінің тастап кеткен жеріне қайтпақ болды.

Күздің қара суығында бір тайпы ел екі бөлініп көшті. Қоштасқан найзагер достар, бірін-бірі қимай әзер айырылысқан сүйіскен жүректер, жылаған бала, жоқтау айтқан әйел, қайғы-қасіреттен адамның төбе шашы тік тұрарлық…



Ең алдымен Арқаға қайтпақшы елдер көтерілді. Бұларды қыстың аязымен бірге ақ патша аға сұлтандарының қаһары қарсы алды. Әсіресе Қоңырқұлжа қарамағынан қоныс алған жұрт қатыгез қанды балақ аға сұлтаннан зар жылады. Ол Кенесарыда кеткен өшін қайтып келген елден алды. Бірақ оның да аға сұлтандық өмірі ұзаққа созылмады. Қиянаты тыстан асқан кезде бұның қылмысын тексеруге Омбыдан комиссия шықты. Сол комиссияның ішінде әділетті арман еткен жас офицер Есіркеген де бар болатын. Ол былтыр ғана Петербург кадет корпусын бітірген-ді. Және өткен жылы сол қалада Күміске үйленген. Қазақ елінің келешегі тек ұлы орыс халқымен ғана бірге болса көгеретініне әбден көзі жеткен жас офицер Қоңырқұлжалардан құтылу керек екенін де ұққан. Сондықтан өзінің демократшыл орыс офицерлері арасындағы қадірін пайдаланып, комиссияның сатылған өзге мүшелерінің пікірін аяқсыз тастатып, Қоңырқұлжаны орнынан түсіртті. Сөйтіп аз да болса елі-жұрты мен Күмістің өшін қайтарды.

Ал Кенесары соңынан қуғыншы шықпасын деп отырған жерінен қыс түсе көшті. Кенесарының соңынан мың қаралы үй ерді. Қалған қалың бұқара қаны қарайған ханнан іргесін аулақ салып, өз қоныстарына тарады.

Көш алды қара құрымданып ылдиға түсіп кеткенде, Кенесарымен бірге төбе басында тұрған Досқожа ақын шыдай алмай, домбырасын қағып-қағып жіберіп, көзіндегі жасын іркіп алды да, қарлыққан дауыспен жыр тоғытып қоя берді.

Қалдың деп қайран елім, кең қонысым,

Қамығып тұрды Кене жұртын ойлап.

Кене хан енді көшті «я, құдайлап!»

Тұрған соң хан қамығып, ел жабығып

Досқожа толғай берді кегін қайрап…

Көш ұзаған сайын, жыр да ұзай берді, Шыдай алмаған Кенесары алға қарай асыға шаба жөнелді.

Ағыбай, Бұқарбай, Жеке батыр, Иман, Құдайменді, Наурызбай, Бопай, Таймас, әбілғазы, тағы бір топ кісі аттарын борбайлай қамшылап соңынан ерді. Осыдан жеті жыл бұрын, көтеріліс басталған сәтте-ақ Кенесарыға қосылған бұл батырлардың ішінде, ел билігін қайтадан қолына алған Жоламан сұлтан ғана жоқ еді.

Кенесарының бұл асыға көтерілуі ажалына асығуы болды. Екі жыл өтпей биылғы көрген түсі дәл өңіндегідей келіп, ол Кекілітауының бауырынан ажал тапты.

Ал мынау көш Шыңғысхан шабуылынан бастап, алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді.

СОЁЫ С¤З

Ілияс Есенберлин та¬ылымдары

«КЈшпенділер» трилогиясы єазає хандыєтарыны¦ бес ¬асыр¬а дерлік созыл¬ан ¬µмырнамасын єамтиды. Ілияс Есенберлин Јз кітаптарында тарихты¦ шешуші кезе¦дерін ой елегінен Јткізіп, кЈркем бейнелей отырып, єазає Ўдебиетінде осы ба¬ытта ал¬ашєы болып Їлкен жол салды. Енді халєымыз Јз тЎуелсіздігіне єайта ие болып, оны бекемдеуге Ўрекет жасап жатєан кезде, н嬵рлым жас жазушыларды¦ µрпа¬ы Есенберлин сал¬ан соєпаєпен ілгері тартып келеді. Олар тарихтан кЈркем туынды жасау Їшін Јз жолдарын, Јз бояуларын іздестіруде, бЎлкім оларды¦ єайсыбірі тарихты бµдан гЈрі айєынырає суреттеп те берер, алайда І. Есенберлин µлттыє мЎдениетті¦ тарихында кЇрделі де єауіпті уаєытта Ўлі ешкім із салма¬ан соны сЇрлеуге бірінші аяє басєан жазушы болып єала береді.

јазірді¦ Јзінде єазає Ўдебиетін Ілияс Есенберлинсіз елестете алмайсыз, µлтты¦ кЈп¬асырлыє тарихын талдап, пайымдау оны¦ романдарыны¦ параєтарына зерделі кЈз жібермейінше мЇмкін емес Ўрі ол толыєєанды болмайды. ўуелгі ойластырылуынан ¬ана емес, аєыр¬ы нЎтижелерімен де жемісті, тµжырымдарыны¦ Јмірше¦ болары кЈрініп тµратын бµл кітаптардан оны¦ зерттеулеріні¦, жазушы ретіндегі шы¬армашылыє ізденісіні¦ маєсаттылы¬ын বармау та¬ы мЇмкін емес. Шы¦¬ысханны¦ тікелей µрпаєтарыны¦ — он бесінші ¬асырда єазає мемлекеттілігін єµр¬ан ўбілхайыр Бірінші хан мен одан кейінгі єазає хандары Јміріні¦ мысалында Ілияс Есенберлин «билік пен халыє», «Ўмірші мен тобыр», «зорлыє пен Јнер» секілді µ¬ымдар жайында Јзіні¦ философиялыє пайымдауларын жасайды. ёлы ДЎшті јыпшає даласыны¦ Абылай хан мен Кенесары јасымµлы кезіне дейінгі кЈп¬асырлыє тарихында¬ы оєи¬аларды талдай келе, жазушы Јзіні¦ философиялыє тµжырымдамасын тЇзеді, сЈйтіп, кЈп ретте даулы кЈрінетін билік моралін негіздейді. Ол бЇгін та¦да, єайтадан тЎуелсіз мемлекет бол¬аннан кейін біз Јзімізге єойып отыр¬ан: µлттыє бірлік идеясын білдіруші болуды¦ моральдыє єµєы¬ына кім Ўрі єандай ісімен жЎне Ўрекетімен ие болу¬а тиіс деген сµраєєа жауап іздейді.