Страница 1 из 5
Нарша Булгакбаев
Бақытты болуды үйреніңіз! 3 Бөлім
Сіздің ішіңізде алтын бар!
Егер біреу сізге бір сандық алтын берсе және оны пайдалануыңа рұқсат десе, сіз не істер едіңіз? Сіз таңданысыңызды әртүрлі тәсілдермен, эмоциямен білдіре аласыз, бірақ кез келген жағдайда сіз бір нәрсе жасамайсыз: мұндай сыйлықты алмай қоймайсыз. Сіз бірден бұл сандықты ашып, банкке жүгіріп, алтындардың барлығын ақшаға айналдырасыз не оны «менің байлығым» деп банкке салып қоясыз. Негізі байлықтың бәрі қолда не сыртта емес ол мидың ішінде! Адам қолымен байымайды, адам миымен байлыққа қол жеткізеді. Ал егер біреу сізге ішіңізде (миыңызда) алтынға толы бір сандық бар екенін айтса, не істер едіңіз? Сенер ме едіңіз? Мүмкін сіз миыңызды (жаныңызды) зерттеп, бір қорап алтын тауып, содан пайда табарсыз. Алайда, сіз, біздің көпшілігіміз өмір бойы санамыздың ішінде алтын сандығымыз бар екенін, бірақ оны ешқашан пайдаланбайтынымыз туралы ойладыңыз ба? Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ. Бір белгілісі, онда әркімге тең үлестірілген алтын сандық бар. Барлық қабылданған ақпарат бейсанаға түседі, өңделеді және сақталады. Бұл естеліктер сақтау орны, жад қоймасы, білімнің жасырын репозиторийі (кез-келген деректер мен ақпараттар сақталатын орын). Табысқа жету үшін біз оны дұрыс пайдалануымыз керек, әйтпесе оны білгеннен ештеңе шықпайды. Біз қайыршылар сияқты даланы паналап немесе жарығы, суы жоқ бос үйдің ішінде отырғандай, кейде қолда емес мида бар алтынның қадірін білмей, біздің ішімізде алтын сандық бар екендігінен бейхабармыз. Сіздің кім екеніңізді білдіретін осы – «Бейсана»!
Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан. Расымен, мен келісемін, ішіңіздегі алтындарыңызды пайдаланыңыз, оларды сосын пайдаланымын деп жинағаннан пайда жоқ. Ол алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар.
Мысалы: дені сау, аяқ-қолы балғадай, сезім мүшелері түгел, бірақ ақша оған үнемі жетпейді, себебі ол осындай хальге өзін кедей рөлінде жақсы көргендіктен емес, байлықтың барлығы мида екенін білмегендіктен түсіп отыр. Яғни себеп – надандықта.
Тағы бір мысал: Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол себепті барлық данышпандардың «шын бақыт адамның ішінде» деп айтатыны да сондықтан.
Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады. Сіз өзіңіздің ақылыңызбен тәжірибелі хатшының жұмысын орындау арқылы әлдеқайда тиімді әрекет ете аласыз, шығын емес тек пайда әкелетін ақпараттарды есте сақтау арқылы. Компьютердегідей, сіздің ақылыңыз қабылдаған әрбір факт (ақпарат) пен әсер (эмоция) әрқашан ойлаудың беткі деңгейінен өтіп (ақыл) түпкі деңгейінде, бейсанада сақталады. Бұл керемет күшті қалай қолдануға, пайдалануға және дамытуға болады? Жасырын бейсана патшалығын қалай иеленуге болады? Бұл әрине, асығыс жасалмайды. Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымызға бағытталуы керек.
Сіз бейсанадан не қалайтыныңызды шешіп, оған әр уақытта бір-бір тапсырмадан беріңіз, себебі ол робот емес, бір уақытта көп ақпаратты өңдеу алатын. Егер сіз нақты проблеманы шешкіңіз келсе, әр күні таңертең және кешке шамамен бес минут уақытыңызды бөліп, шешім сіздің бейсана деңгейіңізде қалыптасып жатыр деп ойлаңыз, елестетіңіз, сендіріңіз. Содан кейін кенеттен шешім дайын болады. Бұны басқаша, іштен пайда болатын сигнал деуге болады. Бұл кездейсоқ емес. Ол жоқтан пайда болмайды. Сіз тапсырма бердіңіз – ауызша немесе жазбаша, ол шешімдерді ұсынды. Бұл дұрыс шешімдер болуы үшін, сіз дұрыс таңдау жасауыңыз керек, ал ол үшін бейсана – өзінің қайнар көзі «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек. Егер сіз сау болғыңыз келсе, денсаулығыңыз туралы ойларыңызға назар аударыңыз, ауру және әлсіздік туралы ойларға кедергі жасамаңыз. Егер сіз сәтті адам болғыңыз келсе, онда сіз өзіңізді сәтсіздікке ұшыратпаңыз. Егер сіз бақытты болғыңыз келсе, онда сіз мазасыздықтар мен көңілсіздіктер туралы ойлауға жол бермеңіз. Сіздің ақылыңызды үнемі иеленетін ақпарат – ойға (ішкі сөз + қиялдағы бейне) айналады, сосын әрі қарай сіздің бейсанаңызға еніп, біртіндеп сіздің тәжірибеңізге айналады, сондықтан сіз позитивті, конструктивті, прагматизм (ол өзінің өмірін, әрбір әрекеті мен өзіне/өзгеге деген көзқарасын, іс жүзінде пайдалы нәтиже алу тұрғысынан құрады) туралы ойлануыңыз керек. Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа сеніңіз, сонда сіз аз қателіктер жіберіп, сау және бақытты боласыз. Сіз жемісті өмір сүретін боласыз.
«Біз сенуіміз керектің ең жақсысы – ол ақиқат.» (Уильям Джеймс – қазіргі заманауи психологияның атасы).
Сіз неге шын бақытты емессіз?
Бала күніңізде, жас кезіңізде үлкен армандарыңыз, жоспарларыңыз болды ма, кітаптар жазу немесе картиналар салу, өз кәсібіңізді бастау немесе басқа шығармашылықпен, өнермен, ғылым-біліммен айналысу. Біздің көпшілігімізде болған шығар. Ал егер, біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз сол арман-мақсаттарды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз. «Мен роман жазуға қуанышты болар едім, бірақ мен өз жұмысыммен айналысуым керек, әйтпесе отбасын кім асырайды?». «Болар еді негізі, картина салып байқауға, бірақ менің көру қабілетім нашар». «Ғылыммен айналысуға болар еді, бірақ біздің елде ғылым ешкімге керек емес». «Мен бала кезімде домбырада күшті ойнайтынмын, сосын тастап кеттім, өсе келе ұмытып қалдым, қол жүрмейді»
Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз:
Гай Юлий Цезарь туралы бір минут ойланып көріңізші. Сіз Цезарьдің өзінің жазбаларын түнде, шатырдың астында жазғанын білесіз бе, бүкіл Рим әскері ұйықтап жатқан кезде, ол түнде өте аз ұйықтайтын, көп жазатын және келесі күні таңертең сарбаздарын ұрысқа алып кететін.
Сіз, дәрігерлер оның ауыр науқасқа шалдыққанын айтқаннан кейін, Георг Фридрих Гендельдің ең жақсы музыкалық шығармаларын жазғанын білесіз бе? Ал Бетховен, музыканы мүлдем саңырау болып қалғаннан кейін де жаза берді.
Сіз үш ұлы ақын – Гомер, Мильтон және Данте соқыр екендігі туралы ойландыңыз ба?
Ганнибал Барка және лорд Нельсон туралы ойланып көріңізші: олар тарихтағы ұлы қолбасшылар бола тұра, тек бір көздері ғана көретін. Жарайды, Фрэнсис Джозеф Кэмпбелл, екі көзі де соқыр, көрнекті математик және музыкант болды.
Өзіңізді бір нәрсеге байланған сияқты сезінбеңіз және өзіңізді шектемеңіз: «Жоқ, тек менің мүмкіндіктеріммен емес, оның үстіне менің жағдайым келмейді. Мен ешқашан олар сияқты бола алмаймын». Мен сізге олар сияқты бол демеймін, бірақ сіз мидағы байланған жіптерді шешіп, санадағы шектеулерден асуыңыз керек.
Әлемге әйгілі «Робинсон Крузоның» авторы «Даниэль Дефо» туралы ойланыңыз: ол кітабын түрмеде отырғанда жазған. «Джон Баньян», діни қызметі үшін, темір тордың артында отырған кезде «Путешествие Пилигрима» -ны жазды, ағылшын діни әдебиетінің маңызды еңбектерінің бірі. Лютер «Библияны» Вартбург қамалында отырған кезде аударған. Итальяндық ақын, ойшыл, теолог Данте жиырма жыл бойы қуғын-сүргінде жүрсе де еңбектерін жалғастыра берді және сол жерде өлді, ал «Дон Кихотты» әлемдік әдебиеттің ең танымал әрі ұлы шығармаларының бірін, Испан жазушысы – Сервантес, Мадрид түрмесінде жазған.