Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 5 из 5

Санаңыздың шығармашылық күшін қолдана бастаңыз. Форсайт (көрегендік қабілет) Күшін қолданыңыз, пайдаланыңыз, өйткені сіздің ойлауыңыз – бұл күшті (форсайт), жұмыс істетуге мәжбүр ететін жылдам ағын. Өзіңіздің ақыл-ой күштеріңізді әмбебап, бәрін сіз үшін жасап беретін бейсанамен байланыстырыңыз және сіз супер тұлғаға айналасыз. Тырысыңыз. Сіз өзіңіздің өміріңіздегі кез-келген проблеманы шешудің кілтін тапқаныңызды білетін боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл дегеніміз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз! Тағы да қайталауға рұқсат етіңіз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз. Кез-келген жағдайда сәттілік, жеңіс алдымен сіздің ойыңыздан басталады. Мақсат, шын өмірде орындалмай жатып, қиялында нақты, анық көре білу қабілеті барлық адамда бар, бірақ тек олардың оннан бірі ғана оны қолданады, пайдаланады, ал сіз сол қабілетті дамыта алсаңыз сіздің кез-келген мақсаттарыңыз орындалады және сіз оған оңай әрі жеңіл жете аласыз.

Жол саласыз ба әлде қабырғалар тұрғызасыз ба?

Сіз өзіңізді жол салушы немесе қабырға құрушы ретінде қарастырасыз ба? Біздің әрқайсымыз өмір бойы не жолдар саламыз не қабырғалар тұрғызамыз. Сіз өзіңізді қалай қабылдайсыз? Мен бір қысқа өлең таптым, онда бұл тақырыпты қарапайым және керемет түсіндіреді:

«Үлкен жолдарды Егемен Рим салған, Адамдарды байланыстыру үшін, Сонымен қатар қабырғалар тұрғызған, Ажыратып, бөліп, қорғау үшін, Ғасырлар бойы, адам құмарлығынан, Барлық қабырғалар құлады, Бірақ жолдар қалды.»

Сіз басқа адамдармен кездесіп, олармен ақыл-ой бөлісе алатын жолдар, қарым-қатынас жолдарын саласыз ба? Немесе сізді басқалардан бөлетін, ажырататын, қорғайтын ақылыңызда қабырғалар тұрғызасыз ба? Менің ойымша, қабырға құрылысына кететін барлық материалдар мен күш-жігер босқа шығын сияқты, бұның барлығы еңбек пен уақытты ысырап етеді, өйткені бұл қабырғалар бәрібір құлайды.

Ақиқат мынада, біз бүкіл адамзатпен рухани бірлікке ұмтылуы тиіс Жаратылыстармыз және басқа адамдардан бөліну, ажырау үшін салынған әлсіз қабырғалар ешқашан ұзақ тұрмайды. Бірақ жолдармен басқаша. Сізді адамдармен байланыстыратын жолдар саласыз ба? Дәл адам ағзасындағы екі жақты миға баратын артериялар сияқты, сіздің күнделікті іскерлік және рухани-әлеуметтік өміріңізге қажет. Сізде мұндай қарым-қатынас бар ма? Сіз адамдармен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Менің айтарым рухани, отбасылық, туыстық байланыстар әдеттегі іскерлік байланыстардан жоғары.

Эмпатикалық тыңдау және эмпатикалық әдіс туралы естіп пе едіңіз? Эмпатияның тыныш бульварлары туралы естіп пе едіңіз? Сіз эмпат адам болғыңыз келе ме? Бұл эмпатия қабілетін дамытқан адам. Сіз Жүректен жүрекке жол саласыз ба, өзара түсіністік жолдары, бақытсыздық пен қайғыға деген жанашырлық жолдары. Сіздің рухани жағдайыңыз ынтымақтастықтан басталады ма? Сіз осындай көшелер немесе махаббат пен түсінудің тыныш аллеяларын (саяжолдарды) саласыз ба, хош иісті, ақ гүлді ағаш акацияларға (қарағандарға) толы? Оларды сөзбен көпіртудің қажеті жоқ. Олар күлімсіреу, жұбату және бұл көріністер ағаш жапырақтарымен жабылған: «Мен білемін. Мен бәрін түсінемін. Мен сені жақсы көремін». Мұндай көшелер мен аллеяларды тұрғызыңыз, өйткені олар мәңгі қалады. Оларды ештеңе жоя алмайды.

Бүгін біраз уақыт бөліп шешім қабылдаңыз: өзіңізді жақын адамдарыңыздан бөлу үшін энергия, ақыл-ой және рухани күш жұмсап, қабырғалар салғыңыз келе ме әлде бірлескен ойлаудың интеллектуалды артерияларын, эмпатияның кең бульварлары мен үнсіз рухани бірлік аллеяларын салғыңыз келе ме, соны шешіңіз. Не салу керектігін шешіп, сіз өзіңіздің өміріңіздің табиғатын анықтайсыз. Бұл сізді ішке кіргізбейтін қабырғалар әлемі немесе шексіз қуанышқа саяхаттауға болатын жолдар әлемі болуы мүмкін. Таңдау тек сізге байланысты.

Тағдыр кінәлі емес

Сіз өзіңізді бақытты санайсыз ба әлде бақытсыз санайсыз ба? Сіздің ойыңызша, сіздің өміріңізде сәттілік көп пе әлде сәтсіздік көп пе? Біздің орындалмаған үміттеріміз бен армандарымыз, сәтсіз үлкен жоспарларымыз туралы ойлаған кезде, адамдар көбінесе тағдыр немесе сәттілік не сәтсіздік деп аталатын нәрсені айыптайды. Бірақ бұл нонсенс (абсурд) емес пе? Кейбіреулер: «Бұл менің бақытты (немесе бақытсыз) жұлдызым» дейді, немесе «Бүгін мен үшін жаңа өмір, жаңа күн, жаңа Мен» керісінше «Тағы да мектеп не жұмыс не отбасы, қашан құтылады екенмін». Біз неге осылай айтамыз? Кемшіліктерімізді, қателіктерімізді, күнәларымызды өзімізден өзіміз жасыру үшін айтамыз. Өзімізді сөзбен алдағымыз келеді, бірақ шынында да біз қалаған өмір болып жатқан жоқ немесе болып жатыр бірақ бәрібір ішкі бостық сезімі, әрдайым бір нәрсе жетіспейтіндей. Есіңізде болсын: Біз санамыздың табиғатына (деңгейіне) байланысты сәттілікке жетеміз немесе сәтсіздікке ұшыраймыз.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.