Страница 2 из 17
Не стало прекрасного человека, которого многие знали, любили и уважали. Мы потеряли не только выдающегося педагога и ученого, мы потеряли близкого друга.
Академик Мейрхан Мубаракович Абдильдин является выдающимся ученым, специалистом в области теории относительно- сти и гравитации. Он был руководителем программы «Теоретические исследования гравитационных, электромагнитных, сильных и слабых взаимодействий», реализовывавшейся в Национальной Академии Наук РК, членом Президиума Российской гравитаци- онной ассоциации и Академии творчества (Москва). Его гипотеза о «гравимагнетизме» явилась фундаментом для нового научного направления исследований.
Мейрхан Мубаракович много делал для повышения международного авторитета Академии наук, по его инициативе укреплялись связи в области теоретической физики между учеными академий наук различных стран.
Мейрхан Мубаракович – выдающийся ученый, патриот, внес неоценимый вклад в развитие науки, образования и культуры Казахстана. Он был кристально чистым человеком и верным другом. Страшно осознавать горе супруги Райхан Закиевны, потерявшей мужа. Знайте, что в трудную минуту мы всегда с вами. Мейрхан Мубаракович будет жив, потому что он живет в наших сердцах.
ЭПИЗОДЫ ИЗ БИОГРАФИИ
ӨМІРБАЯН
Біздің атамекеніміз – Павлодар облысының Май ауданы. 1928 жылғы ұлы конфискацияның және одан кейінгі 1932 жылғы аштық кезінде біздің отбасы Ресейді паналаған. Ресейдің Алтай өлкесі, Троицк ауданы Загайново деген селосында 1938 жылы 16 наурызда мен дүниеге келіппін.
Әкемнің айтуына қарағанда менің атам Әбілдә біздің тұқымдағы ең белгілі адам болған деседі, алғырлық, тілге бейімділік осы атамыздан тараған болуы керек. Бұл кісі 1933 жылы 56 жасында дүние салған екен. Атамызды көрмесек те, әкемнің әкесіне деген айрықша сүйіспеншілігін көріп, естіп өстік. Ол кісіні жақсы көріп, мақтаныш тұтатынбыз.
Атамыздың өмірінен бір жәйт айтайын. Атамыз он үшке келгенде үйленемін дегенді шығарады. Оған біздің арғы атамыз Аралбай, яғни әкесі: «шырағым, біраз толастай тұр, шаруашылықты аз да болса жөндейік», – дейді. Соған атамыз өкпелеп, үйден кетіп, Ресейден бірақ шығады. Әуелде темір жол салып жатқан жұмысшыларға қосылады, содан кейін Емельянов деген орыс көпесінің атқосшысы болады, сөйтіп жүргенде көпеске ұнайды. Ұнағаны соншалықты, көпес бұл балаға орысша хат тануына, тіпті ептеп білім алуына көмектеседі. Ешкімі жоқ жетім баладан өзіне берілген көмекші дайындамақ екен. Не керек, біздің тұқымдағы кейбір батылдық, өзінше жол іздеу қасиеті осы атамыздан болуы керек.
1944 жылы, алты жасымда, мені мектепке берді. Ол кезде мектепке негізі 8 жастан алушы еді. Бұл жағдайдың өзінше сыры бар. Ол менің тентектігім. Расында, бұл кез соғыс жылдары еді. Мен бес-алты жасар бала екенмін, ішім пысып, үйде асық ойнап, үйдің терезелерін сындырып қояды екенмін. Соғыс кезінде, әсіресе, қыс кезінде терезенің шынысын табу бұл бір қиын жағдай болатын. Сондықтан, не керек, әке-шешем (Мүбарак, Бағытай) мені мектепке беріп құтылады. Соның арқасында бірінші және екінші кластарды қалай оқығаным туралы еш нәрсе есімде қалмады. Менің есімде Май ауданының Қазақстан орта мектебінің үшінші класының оқушысы болғаным ғана. Сондықтан да Кеңес өкіметінде баланы бірінші класқа 8 жастан алғаны дұрыс па деп ойлаймын.
Осы мектепте 3-кластан 8-класқа дейін оқыдым, ең үздік оқушы болмасам да, әр уақытта үздік үш оқушының ішіне енетінмін. Бұл жағдайдың өзінше сыры болушы еді. Әкеміздің бар арманы: балаларым жақсы оқыса дейтін. Өзі – Май ауданының қырдағы малының мал дәрігері. Айына үйге екі-үш күнге ғана келуге уақыты болатын. Сондағы бірінші сұрайтыны біздің оқуымыз. Ал біз өз кезегінде әкемізді ренжітпейік деп жақсы оқуға тырысатынбыз. Анамыз да әкеміздің беделін жоғары ұстауға тырысатын еді. Әкеміз анамызға: «оқу деген – балаларға үлкен сын, үлкен жұмыс. Бұлар жақсы оқиды. Сол себептен, сен балаларды анау-мынау үйдің жұмыстарына жұмсай берме. Үй жұмысы, мал жағдайы екеуміздің ісіміз. Балалар дем алсын», – дейтін. Осы сөзді жақсы ұғып алған мен, сабақты жақсы оқуға тырысып, қалған жағдайларда үй шаруашылығымен айналыспай, көп бос жүргенді ұнататынмын. Біздің ауылдың алды өзен мен тоғай болатын, сондықтан мен үшін бос уақыт ауадай қажет болатын.
Анамыз – оқымаған адам еді. Сол себепті де біздің оқуымызға мүлде басқаша қарайтын. Бұл кісінің ойынша, миды шірітіп кітап оқығанша, үйге пайдасын тигізгер жұмыс істеген дұрыс дейтін. Бірақ мен шіркін, әжемнің бауырында тәрбиеленген еркесі едім, әкемнің айтқаны есімде болғандықтан, анамызды онша тыңдамайтын едім. Біздің анамыз жақсы әнші болатын. Қыс кешіне, маздап жанған пештің алдында отырып ән салушы еді. Мен бұлардың әніне киіп кетіп, кейде бұзып, сөгіс еститінмін.
Қазір жас ұлғайып, 63-ке келгенде, кеш те болса, қайран анамның маған сыйлаған дауысы мен әніне рахмет айтқым келеді.
Анамыздың тағы да бір қасиетін айтайын. Бұл кісіде көре алмаушылық жоқ еді, біреудің қуанышына қуана білетін. Осы қасиеттерін де ағамыз екеумізге берген сияқты. Ғылымда жарыс, бақ сынау кездесіп тұрады. Осы жағдайда адам жеңіске ие болу үшін көре алмаушылықтан аулақ болуы керек. Әке-шешеміз қиындыққа төзе де, жеңе де білетін адамдар еді. Екі баласын да осы жолда тәрбиелеуге тырысты.
1952 жылы Май ауданы Қазақстан орта мектебінің 8 класын бітірдім. Жазда ауылға С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия факультетінің 3 курс студенті ағам Жабайхан демалысқа келді. Келе сала ол менен: «Кім болғың келеді?», – деп сұрады. Мен оқуды жақсы оқушы едім, сондықтан, әжептеуір болып маңғазданып: «Мен ақын немесе тарихшы болғым келеді» – деп, өзімнің жазған кейбір өлеңдерімді көрсеттім. Бір мезгілде ойламаған жерден: «Ой, боқмұрын, сенің мына жазған өлеңдерің түкке тұрмайды. Ақын боламын, тарихшы боламын деу сандырақ. Біле білсең: ғылымның тұзы – физика, қалғандары – нөл», – деп, менің быт-шытымды шығарды. Әкем болса үлкен ұлын жақтап, «Мейірхан, бос сөзді қойып, физик болу керек» деп ағам екеуі шешім қабылдады. Бұл бұл ма, мені өзімнің үйреншікті мектебімнен айырып, мұғалімдері жақсы деп, Ертістің арғы жағындағы басқа аудандағы он жылдық мектепке жіберетін болды.
Мен үшін бұл бір үлкен пәле болды. Себебі, мен оқу озаты болсам да, менің ең жек көретін қорқақтау соғатын сабақтарым осы физика мен математика болатын да, ал жақсы көретін сабақтарым әдебиет, тарих және география болатын. Амал не, ағамыздың жасаған зорлығына көнуге тура келді. Үйде Жабайханның беделі өте жоғары болатын. Бұған кейбір негіздер болушы еді: Бірінші – бұл жігіт, мен ес білгелі бастық болып жүретін: оқу комитетінің бастығы және т.б., ал мен жазғанды класс бастығы етіп те сайламайтын. Екінші – менің ағам асықты жақсы ойнайтын мерген еді. Ауыл балалары өте сыйлайтын. Үшінші – бұл жігіт біздің колхоздағы, аудандағы, тіпті облыстағы ең жүйрік деген аттарға мініп, бәйгелерге шауып еді. Осы жағдайларға ауылдағы балалар қызығатын. Не керек, осының бәрі менің ағамды ерекше қылып көрсететін. Керісінше, мен болсам балық аулағанды, ит асырағанды, карта ойнағанды, тіпті ауыл балаларының арасындағы көпшілік шатақтарға араласатын жан едім. Сөйтіп мен 1952 жылдың күзінде Павлодар облысының Лебяжі ауданындағы Қызыл әскер онжылдық мектебінің 9 класс оқушысы болып шыға келдім. Әкемнің қарындасы апам Балшекердің қолында тұрдым. Бұл үйде жиырма шақты жан тұратын. Оқу оқуға мүмкіншілік аз болатын еді. Сондықтан мен ауызша сабақтарды дайындау үшін кітаптарымды алып мал қораға баратынмын. Барлық сабақтарымды оқып, оны шөп жеп тұрған сиырларға дауыстап айтып беретінмін. Менің бұл әдісімнің баяғы кезде, көне ғасырларда Демосфеннің ашқанын мен ол кезде білмеуші едім. Физика мен математиканың есептерін түнде дайындайтынмын және шығармасам ұйықтамаймын деп, өзімді-өзім жігерлендіретінмін. Осының арқасында мен бірте-бірте класстың ең үздік оқушыларының бірі болдым. Шынымды толық айтсам, физика мен математикадағы жетістіктерімнің тағы да бір себепшісі бар еді: ол менің физика мен математика сабақтарының мұғалімі Нұрмағамбетов Зүпар. Бұл кісі өте дарынды, жаңалықшыл және өте қатты талап ететін мұғалім еді. Ағайдың басшылығымен «Евклидті емес геометрия» деген қабырға газетін шығаратынбыз. Қазір қарасам оқушылар да, мұғалімнің өзі де ол кезде евклидті емес геометрияны қайдан білсін, бірақ та балалар- ды осындай жоғары ұғымға итермелеу дұрыс та екен. Бір қызығы – менің бүкіл болашақ өмірім осы евклидтік емес геометрияның бір түрі – риман геометриясымен байланысты болды. Қазір менің осы оқытушым Көкшетауда тұрады.