Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 5 из 11

ТАЙЫР – Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады. Қашуды сирету немесе оны болдырмау үшін полиция және басқа да қызметтер қолда- нылады. Оның үстіне, кепіл де әдетте қандай да бір кепілдік ретінде қызмет етеді. Ал, егер ол бірден қашып кетеді деген қорқыныш болса, онда, әрине, оларды бостандықтарынан айырады.

ДАНИЯЛ – Ал, одан кейін процес басталады…

ТАЙЫР – Ондағы ең маңыздысы – тартыс. Қорғау тарапы мен айып- тау тарапы әділқазылар алдында бір-бірімен тартысқа түседі.

ДАНИЯЛ – Кінә туралы шешімді сот емес, алқабилер шешеді ме?

ТАЙЫР – Сіз ең маңыздысын түсіндіңіз. Алқабилер бір-бірімен жа- бық есік жағдайында кеңеседі, біздегідей судья ол жаққа кірмейді. Сөй- тіп, олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендігі туралы шешімді шығарады. Егер олардың үкімі «кінәсіз» болса, онда судья тек тиісті үкімді шығарады.

ДАНИЯЛ – Ал, егер олар сотталушының кінәлі екендігі туралы шешім қабылдаса ше?

ТАЙЫР – Онда, сол кезде судья нақты жазаны тағайындайды. Яғни, қазылар алқасы мен судьяның қызметі әртүрлі. Алқабилер бұл фак- тінің өзі болған-болмағанын талқылап, шешім қабылдайды. Судья заң мәселесін қарастырады, яғни заң бойынша осы факттен не шығатынын анықтайды?

ДАНИЯЛ – Қарапайым тілмен айтқанда, ресми түрде қылмыскер деп танылған адамды қанша жыл немесе қанша айға қамау керектігін бе?

ТАЙЫР – Міндетті түрде қамауға алу емес. Ол басқа жаза тағай- ындай алады – қоғамдық жұмыстар немесе түрме мерзімінен жеңілірек басқа нәрсе. Бірақ судьяның ең маңызды мәселені, яғни «кінәлі-жа- зықсыз» дегенді шешкен кездегі пікірі, ештеңені білдірмейді. Ол тек қазылар алқасының заңды рәсімдерге сәйкес жұмыс істейтіндігіне көз жеткізуі керек.

ТУЫП-ӨСКЕН ӨЛКЕДЕ

ДАНИЯЛ – Ал, бізде, Қазақстанда ше?

ТАЙЫР – Біздің Қылмыстық іс жүргізу кодексі аралас түрге жа- тады. Неліктен аралас дейтін шығарсыз? Себебі бізде қылмыстық про- цестің екі кезеңі бар – сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы. Бірінші саты – сотқа дейінгі қарау – инквизициялық элементтерге ие…

ДАНИЯЛ – Ал, керек болса!

ТАЙЫР – Негізінде, бір-бірімізге айтқан барлық сұмдықтардан кейін де бұл сөзден қорқудың керегі жоқ. Бұл заң ғылымында қолданылатын термин ғана. Қазіргі кезде бұл азаптап жауап алу немесе мыстандар- ды аулау дегенді білдірмейді, бұл тек күдіктінің өзін-өзі қорғау қабілеті шектеулі болатын жағдай.

ДАНИЯЛ – Ал, бұл да жаман ба?

ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап көріңіз – мен қорғаушымын және клиентім екеуміз сотқа дейінгі тергеу барысындағы қылмыстық істің барлық мате- риалдарымен таныса алмаймыз. Адамды жауап алуға апара жатыр, алай- да тергеушіде қандай дәлелдер жиналғанын білмеймін. Өзімнің жұмыс жасау әдістерімді, оның күрделі сұрақтарына жауап беру тактикамды алдын ала ойластыра алмаймын.

ДАНИЯЛ – Бірақ, осылайша тергеушіге қылмыскерден жауап алу оңайға түседі.

ТАЙЫР – Келісемін, бірақ екінші жағынан, сіз жазықсыз адамды оның сөзінен ұстап, оған тұзақ құра аласыз. Немесе қылмысқа ішінара кінәлі адамды басқа біреудің кінәсінің бір бөлігін алуға көндіру.

ДАНИЯЛ – Ия, бұл әділеттілікке жатпайды.

ТАЙЫР – Тіпті, тергеуші қанша жерден әділ болса да, процесстің ашық өтпеуі күдіктіні қиын жағдайға душар етеді. Және бұл тек сотқа дейінгі тергеу кезінде ғана. Бірақ іс сотқа жеткенде, қорғаушы тарап қылмыстық істің барлық материалдарын алады, және, жалпы алғанда, өте нақты айыптаулардан қорғанып, бізге белгілі айыптау дәлелдеріне қарсы дәлелдер іздей аламыз.

ДАНИЯЛ – Түсінікті. «Жас баланы» соққыға жығу емес, нағыз тар- тыс басталады.

ТАЙЫР – Қалай болғанда да, бір ғана қақпаны көздейтін ойын емес. Бұл қылмыстық іс жүргізу формасы алдымен Францияда, Германияда дами бастады, кейіннен оны Ресей қабылдады. Ал, Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін аталмыш қылмыстық процедураны оның бар- лық кемшіліктерімен қоса алды. Біздің жүйеге қаншалықты сын көзбен қарасақта, өте маңызды сәтті мойындауымыз керек: Қазақстандағы қыл- мыстық процесс біртіндеп аралас типтен тартыс түріне ауысып келеді. Бізде сот бақылауының нысаны кеңейіп келеді, енді ол сотқа дейінгі тергеу барысында да пайда болды. Сотқа қорғаушы ретінде келіп: «Қыл- мыстық істі тергеу әдісі маған ұнамайды, тергеуші менің қорғаушымның құқығын бұзды. Дәлелдерді өз көзқарасымның пайдасына келтіремін. Төрешіден тергеушіге белгілі бір нормативтік процедураларды, тергеу әрекеттерін жүргізуді міндеттеуін сұраймын…» – деп айта аламын.

ДАНИЯЛ – Төреші әрқашан мұнымен келісе ме?

ТАЙЫР – Әрине, жоқ. Алайда, осы принциптің өзі маңызды – мен шешімге қарсы шыға аламын, екіншіден, соттың басталуына дейін төрешінің немесе прокурордың шешімдеріне шағымдана аламын. Бұл, сонымен қатар, оларды өз міндеттеріне мейлінше жауапкершілікпен қа- рауға мәжбүр етеді – ең алдымен менің клиентімнің құқығын құрметте- уге. «Күдікті ретінде қалдыру» деген үкім нысанының бар екені жайлы айтқан болатынмын. Есімде, тергеуші болып жұмыс істеген кезімде, кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтата алатын едім. Тіпті, қылмы- стық іс жүргізу кодексінде «Кінә дәлелденбегендіктен қылмыстық істі тоқтату» нормасы болған. Яғни, олар ештеңе дәлелдеген жоқ, ешкімді түрмеге отырғызбады, алайда олардың беделіне түскен дақ өмір бойына қалды. Қазір ондай жоқ.

ДАНИЯЛ – Қазір қалай тұжырымдалады?

ТАЙЫР – Қазір, егер дәлел болмаса, қылмыстық іс құрамының бол- мауына байланысты қылмыстық іс жабылады…

ДАНИЯЛ – Сонда, айырмашылығы неде?

ТАЙЫР – «Ұсталмаған ұры емес» – деген мақалды білесіз бе?

ДАНИЯЛ – Әрине.

ТАЙЫР – Сонымен, бұрынғы тұжырымның мағынасы: ұры деп ой- лаймыз, бірақ, өкінішке орай, ұстай алмадық.

ДАНИЯЛ – Ал, қазір: егер ұстай алмаса, онда ұры болып санал- майды ма?

ТАЙЫР – Қазір дәлелдердің жоқтығы қылмыс құрамының болма- уымен пара-пар. Бұл біздің қылмыстық процестің біртіндеп тартыс сипа- тына ауысуының мысалы. Әрине, адам құқықтарын толықтай қорғайтын қылмыстық процесстен әлі де алыспыз.

ДАНИЯЛ – Тезірек болғаны жақсы еді…

ТАЙЫР – Әділеттілік үшін айта кету керек, эволюция тек қылмы- стық іс жүргізу саласында ғана болып жатқан жоқ. Бұл шөл даладағы оқшауланған құбылыс емес. Мұны жүйеде және оның басқа құқық сала- ларымен байланысын, мысалы, онсыз да жағдайы біршама өзгеше болып тұрған азаматтық процедурамен бірге қарастыру қажет.

ДАНИЯЛ – Жақсы ма, әлде жаман ба?

ТАЙЫР – Өзіңіз ойлап қараңыз, қылмыстық процесте айғақтар ай- ыптаушы тараппен қамтамасыз етіледі, ал азаматтық процесте тараптар- дың әрқайсысы өзі сілтеме жасаған фактілер мен жағдайларды дербес дәлелдеуі керек. Азаматтық процесте, жалпы, тараптар тең құқылы. Әри- не, қылмыстық процесте олай емес. Онда процесті, әсіресе сотқа дейінгі

бөлімді, тергеуші жүргізеді. Егер де шақыру қағазы бойынша тергеуге келмесеңіз, ол сізді тұтқындауы мүмкін. Мәжбүрлеу шараларына тап боласыз .

ДАНИЯЛ – Ия, мұндай жағдайда теңдіктің ізі де байқалмайды. Ал, бізде тергеу ісімен кім айналысады?

ЕКІНШІ ТОМ

«ТЕРГЕУ ДИРИЖЕРЛЕРІ»

ТАЙЫР – Қылмыстық сот жүйесінің құрылымы қарапайым емес. Тіпті оның әр тармағын алып қарасаңыз да. Университет қабырғасында марқұм профессор Қ.Х. Халықовтың бізге құқық қорғау органдары қа- лай ұйымдастырылатынын түсіндіргені, және «прокуратураның он бір қызметкері» әлі де есімде!

ДАНИЯЛ – Прокуратура да сотқа дейінгі тергеуді жүргізе ала ма?

ТАЙЫР – Шын мәнінде, олар мұнда «бас скрипкада ойнайды». Олар кез келген істі қолдарына ала алады, яғни талап етеді. Тіпті ҰҚК-ден терроризмге қатысты кез келген істі талап етіп, тергей алады. Мысалы, Кулекбаевтың ісі есіңізде ме? Бұл Алмалы аудандық ІІБ-де лаңкестік әрекет жасаған адам. Ол террорист, алайда, бұл қылмыстық істі Бас прокуратура аяқтады.

ДАНИЯЛ – Менің түсінуімше, ҰҚК-де сотқа дейінгі тергеумен ай- налысады ма?

ТАЙЫР – Әрине, Ұлттық қауіпсіздік комитеті де құқық қорғау органы, ол мемлекеттік қылмыстарға байланысты сатқындық, тыңшылық, мемлекеттік құпияларды жария ету сияқты қылмыстық істерді тергей алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде «Мемле- кетке қарсы қылмыстар» деген арнайы бөлім бар.