Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 7 из 7

1-кезең

Рас, ересек адам мен бала арасында қарым-қатынас орнай бастағанда бірнеше кезеңнен өту керек. Әрине, ең әуелгісі – танысу.

Баланың өз өміріндегі жаңа адамға бейімделуі әркімде әртүрлі. Мысалы, біздің лектегі Арина, оның мінезі барынша ашық, өзінің тәлімгерімен бірден шүйіркелесіп кетті. Ал менің Соням, ол ондай емес. Алғашқы кездері біз көп үндемейтінбіз. Кейде бұл үнсіздік өте қиынға соғатын. Не айту керектігін білмедім және өзім де тілдесуге оңай қадам жасай салмайтынмын. Үнсіздікті сейілту үшін біз киноға баратынбыз, басқа тәлімгер қыздармен және олардың қамқорлығындағылармен жиналатынбыз. Ойнайтынбыз. Барлығына бірдей оңай болған жоқ. Бірақ ойында бала жұмсарады да, оны оңай ұға аласың. Біртіндеп жақсы араласа бастадық, үнсіздігіміз сиреді.

Бірде бізде жайсыз жағдай болды. Сонямен кездесуге келуім керек еді, бірақ келе алмадым. Қоңырау шалып ала алмадым, өзі де маған қайыра хабарласпады. Қысқасы, ескерте алмадым. Ертеңінде бардым, ал ол маған күрт өзгерген, менімен сөйлеспейді. Бұл жай сәт емес, алайда бетбұрысты кезең еді.

Конец ознакомительного фрагмента.





Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.