Страница 12 из 13
сияқты ойлау» болады
2. Құлдық санадан арылыңыз!
Нәпсі = Тән + Жан
Тəн> Жан Тəн <Жан Плохо
Тəн = Жан Хорошо
Тəн, Жан = Рух Отлично
Жалпы нәпсі деп адамның біртұтас ағзасын айтамыз. Ол жан мен тәннен тұрады. Егер
де жан тәнға бағынатын болса онда сіздің жануар, хайуан, малдан еш
айырмашылығыңыз болмай қалады. Бұл жақсы да емес, жаман да емес, бастысы
өзіңіге д/е басқаға зияндығыңыз тимесе болыпты. Ал егер де керісінше тән жанға
бағынатын болса сіздің денсаулығыңыз сыр беріп, дүниені қуып жүріп не ұзақ
мерзімді «Ауруға» шалдығасыз, не ерте өліп шахид боласыз, не дым болмағандай, бейкүнә болып көрініп, дүниелік жеңімпаз болып дүниеден өтесіз. Бұл да солай жақсы
да емес, жаман да емес, бастысы өзіңізге не өзгеге зияндығыңыз тимесе болыпты, пайдасыз тиіп жатса тіпті жақсы. Ал Тән мен Жанды тең деңгей-дәрежеде ұстай
алсаңыз, оларды қытайдың энергия ци сияқты ақ пен қара балықтың үйлесімін
(балансын) орната алсаңыз онда сізді құттықтаймын, сіз шын бақыттысыз. Бұл
жақсы, бірақ әлі идеальный нәпсі емес, бірақ «Шүкір» деп қояйық, осыған жете алмай
жүргендер қаншама. Ең соңғы нәпсінің биік дәреже-деңгейі Рух ол тек мұсылман адам
қайтыс болғанда ғана емес, тек Құранды түгел жаттап алғанда ғана емес, тек
Жебірейіл періштенің есімі ғана емес, сонымен қатар, дүниені құрбан ету, бірақ бас
тартпау, ақыретті бірінші планға қою, дүние арқылы ақыретті жасау, басқаша
айтқанда жаннатқа апарар ұзақ жол. Бұл енді просто чудесно. Бұндай адамдарды
обычно әулие дейді, бірақ қазір айналаға қарасақ әулиелер көп сияқты, Алла артық
біледі.
Құлдық сана мен Ортаның әсері: орта кінәлі емес, олар тек себепкер, бір ақылды адам
айтпақшы «солай болуы керек болып тұр ғой». Тағдырды ғылым бойынша екі салаға
бөліп қарастырады: Генетика және Эпигенетика. «Мүмкін емес» деген сөзді сізге кім
айтады? Сіздің ішкі дауысыңыз (шектелген ой/сөз), бұл әрине «Құлдық санадан»
босатуды талап етеді. Бірақ бәрібір оған сіздің ішкі әлеміңіз де, сыртқы ортаңыз да
сенбейді. Кез-келген салада, әртүрлі мамандықта әрқайсымыз «Кәсіби Шебер»
болуымыз керек. Ақылыңызды осыншама шектеп тастаған кім/не? Сіз соған
ойландыңыз ба? Әрине Құдайдың қалауы деп атайтын «Сыртқы қоршаған орта» мен
«Құлдық Сана».
Жалпы адамды «Құлдық Санаға» алып келетін көп себептер бар, олар: тəуелділік, айла-шарғы (қулық-сұмдық) жасау, конформизм (тобырға ере беру, ортаға бейімделе
салу, жеңілуге келісе салу), құр бос соқыр еліктеушілік, манипуляция, салыстыру жəне
бəсекелестік, мақтану, осы дұшпандарды жаттап алыңыз, сонда сіздің қол аяғыңызды
ешкім/ешнарсе кісендемейді. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. «Құлдық
Санадан» арылу «Сенімділік» үшін не үшін қажет?
Қарапайым формула: Өзіңе баға беруді жоғарылату + Кінә сезімін төмендету –
Құлдық сана = Сенімділік
Өзін-өзі қамтамасыз ете білу
Өзіне сенімді адамды сенімді адамды бала кезден қалыптасқан берік іргетассыз
(фундамент), негізсіз елестету мүмкін емес, ол – «өзін-өзі қамтамасыз ету білу»
немесе «өзне-өзі жеткілікті болу». Көптеген адамдар өзін-өзі қамтамасыз
(САМОСТОЯТЕЛЬНЫЙ) ететін адам міндетті түрде тəкаппар, басқаларға немқұрайлы
жəне ешкіммен дос емес, негативті деп ойлайды. Бұл ең үлкен алдау. Шын мәнінде, ол
өзгеге тəуелді болмай, өзіне деген сенімділік пен салмақтылық пен ұстамдылықты
сақтай отырып, басқа адамдарға жанашырлық танытады. «Өзін-өзі қамтамасыз ете
білу» жолындағы негізгі, басты кедергі – «басқалардың ақылы немесе
интеллектуалды тұрғысы анағұрлым озық, артық дамыған» деген қате сенім, яғни
өзін басқалармен салыстыру самостоятельный болуға кедергі болуы мүмкін.
Нəтижесінде сіз бақыт пен əл-ауқат (дәулет) айналаңыздағы адамдарға, виртуалды
өлі адамдарға байланысты екеніне сене бастайсыз. Бұл Катастрофа, бізге «Адам Бол»
деп қанша рет қақсаса да, тəуелді адам əрқашан сыртқы нəрселерге ұмтылады. Бақыт
пен сенімділік сыртқы адамдарға байланысты емес. Ол үшін адамдарға, сыртқы
жағдайларға немесе Құдайға өзі үшін не істеуі керек екенін сұрайды, бірақ жауаптың
бәрі ақиқатта екенін сезеді (ақиқат ең бірінші іштен басталады), жасап беруді талап
етеді, алайда бәрін өзі жасай алайды (тек үйренбеген не үйретпеген). Нəтижесінде ол
тəуелді («Құл») болуды үйренеді, оны енді оңай басқаруға, манипуляциялауға
болады, ол өз өмірін реттей алмайды, оның орнына ол тобырға еліктейді, салыстырады, мақтанады жəне бəсекелеседі, бағалы уақытын жоғалтады. Соқыр
еліктеушілік, имитация ойынынын ойнайды. Ол енді құл болуға, жеңіле салуға оңай
келісе салады, өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, ол «Сау Инвалид» құсап сүйреп
жүретін, бағатын сыртқы ортаны іздейді, өзіне-өзі жеткілікті бола алмайды, себебі
оған әрдайым басқа біреудің көмегі керек болып тұрады. Ондай адамдардан «Енді не
боламын?», «Маған көмек керек!», «Мен не істеу керектігін білмеймін» деген сияқты
сөздер (аффирмациялар) естуге болады.
Егер сіз ақиқатқа ақылмен емес еліктеумен келетін болсаңыз, сіздің ақиқат сол
тобырдың (көпшіліктің) шындығы болады, Бұл да Құлдық сананың көп белгісінің
бірі. Бұл тарауда біз бүлдіргіш, деструктивті əдеттердің қалай пайда болатынын
білеміз, шексіз сенімді адам қалыптастыруға қалай кедергі болатынын білетін
боламыз. Бірақ алдымен өзіне-өзі жеткілікті бола білу туралы бірнеше сөз.
Өзіне-өзі жеткілікті бола білу
«Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – бұл тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ғана
емес, сіздің бақытқа жете алатыныңызға деген сенім ғана емес, одан да әлдеқайда көп, үлкен сезім (эмоция). Бұл сіздің қандай бақыт пен жетістікке (арманға) ұмтылғаныңызды білдіретін, айтатын ішкі дауысты тыңдау, оны басқара білу үшін
қажетті батылдық. «Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – өзіңіздің ішкі
импульстарыңызды басшылыққа алу, ешкімнен ж/е ешнəрседен, кім болу, не болу
жəне не істеу керектігі туралы ештеңе күтпеу. Себебі өзіңізден басқа өз
проблемаларыңызды ешкім сізге шешіп бермейді, олар тек бағыт, жол көрсете алады, кеңес бере алады, бірақ ол үшін шын білетін, дұрыс адамды табу керек. Оның өзі
сізден 1—2 күннен кейін шаршауы мүмкін, сондықтан өзіңізді шынықтырыңыз
(тренриовка), бұлшық ет қалай шынықса, ми да солай шыныға алады.
Ескертулерді дұрыс оқып, өз интуициямыздағы (түйсігіміздегі) сезігштік, сезе білу
қабілетін ұстануды үйренген кезде, біз өз-өзімізге сене бастаймыз, біреудің əуеніне
билеуді қоямыз, басқа біреудің әнін айтуды тоқтатамыз, өзіміз жаңа ән жазамыз (яғни
мида жаңа «Мен» пайда болады).
Біздің көршіміз айтушы еді: «Қашанғы біреудің тойына бара береміз? Қашан өзіміз
той жасаймыз? Қашанғы әншілерді әңгімелеп соларға таңғала береміз? Қашан өзіміз
əнші боламыз, бізді әңгімелесін, бізге таңғалсын!». Бұл сөздерді тура мағынада түсіну
ақымақтық бірақ менің түсінгенім: (бұл жерде проблема тойда немесе әншілерде
емес) проблеманың бәрі өзімізден екен, неліктен? Себебі біз «Құлдық Санада» екенбіз, той мен әншілердің құлы емес, Ғылым мен Иманның, Құдайдың ғана құлы болсаңыз, қайырлы өмір сүресіз, өкінбей өлесіз!
Тəуелді болу əдетін тану жəне бұзу
Тəуелділік – өзара келісім бойынша құлдық. Бұл тəуелді адам үшін де, оны тəуелді
қылған адам үшін де қорлық (екішісі үшін тіпті азап). Өзін-өзі қамтамасыз ете
алмаудың, Өзіне-өзі жеткілікті бола алмаудың болмауы, екі жаққа да тəн, өйткені
мұндай қатынастар өзара бір-бірін пайдалану негізінде гүлдейді. Сіз басқа адамға
тəуелді болу өте өкінішті деп ойлайсыз. Ия, дəл солай! Өйткені өзіңді жоғалту – бұл
үлкен проблема. Адам қабілеті әрі қарай дамымай, байлық пен бар нығметінен