Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 9 из 28



Кітабының «О зарождении этнонима «Казах» деген бөлімінде тарихи деректерге сүйене отырып: «Карамзин, основываясь на русских летописцев, утверждает, что Святослав в 968 году где-то к северу от реки Кубани разбил косогов. Писатель Х века, византийский император Константин Порфирородный, местность на востоке от Таматарахи (Тмутаракань), бассейна реки Кубани называет «Казахией». Г.Эверс пологает, что арабский писатель Масуди (умерший в 965 году) именно эту страну называл «Кашеком», купцы коей посещали Трапезунд; и что народ «кашек», упоминаемый и другим арабским писателем Ибн-аль Варди, не что иное как «косоги» или «казахи». Левшин утверждает, что знаменитый персидский поэт Фирдоуси, живший около 1020 года, в своей поэме Рустем упоминает о «казаках и казакских ханах». Русский князь Мстислав Владиморович в 1022 году покорил Тмутарканскому княжеству «косогов», которые еще в 1065 году платили ему дань; Карамзин к этому добавляет, что «убитый Мстиславом в единеборстве богатырь Редега был косожский князь». По Никоновской летописи, монголы при первом нашествии в 1223 году, пришли со стороны Кавказских гор, пройдя через землю «касахов», разбили кыпчаков и южнорусских князей на р. Калке и ушли на восток (Стр.110), – дей келіп, Тарихтағы Қазақия ұлысының қалыптасу кезеңінің қаншалықты көне екендігі туралы мәліметтер береді.

Бұл жерде А.Айзахметов тарихшы А. Левшинге сілтеме жасағанда оның: «Описание киргиз-кайсакских или киргиз-казачих орд и степей» атты еңбегінің 40-бетіндегі: «Достоверно то, что Фирдевси или Фердуси, живший около 1020 года, то есть за два столетия до появления монголо-татар на Западе, в истории Рустема, упоминает о народе казахах и ханах казахских»,-деген тұжырымдары туралы айтып отыр.

Тараздық тарихшы бұдан кейін: «Когда с севера пришли варяги и образовали на берегу Днепра русское княжество, то южнее его уже стояло Тмутороканьское княжество, именуемое Казахией», – деп жоғарыда айтылған ойын әрі қарай сабақтайды. «Азакэто военно-административная единица асовцарей, или другими словами, их военная гвардия. По поему мнению, военно-административная единица «ас ок» стала современем самостоятельным и не зависимым от асов–царей племенем и термин «ас ок» трансформировался в «азак», а затем и в общеизвестный термин «сак». А термин «казак», то есть «кайсак»–это племенной союз царственных каи и военно-административных единиц асовцарей, ставшими к этому времени самостоятельными племенами и уже носившими название «сак». Этот племенной союз получил название «каисак», который и положил начало этнониму «казак»,-деп «қазақ» сөзінің тіптен әріден, сақтар заманынан бастау алатындығын айтып, осы атауды алғаш иеленген тайпалар одағының атын атап, түсін түстеп түсіндіріп береді. «…союз каи и саков (каисак) среди всех других племен и племенных союзов, входивших в эту конфедерацию, играл главенствующую роль и был преобладающим в численном отношении, то поэтому, я думаю, эта земля и называлась Казахией»,- деп ойын әрі қарай ширата түседі. Ал ендігі бір сөзінде: «Я считаю, что этноним «казах» зародился намного раньше эпохи возкникновения Казахского ханства Джанибека и Гирея,о чем свидетельствуют византийские, мусульманские и древнерусские источники»,– деп біздің әңгіме басында Керей мен Жәнібек сұлтандар және қазақ атауы жөнінде айтып кеткен жорамал-пікіріміздің шындықтың ауылынан аса алыс кетпегендігін деректерімен растап береді («Колыбель царей человечества». О зарождении этнонима "Казах". Тараз. "Сенім" баспасы. 2001 ж. 98–103 б.б.).

Сол айтпақшы, бұл тұжырымдар филология ғылымдарының докторы Әбілбек Нұрмағанбетовтің 1993 жылы 13 мамырдағы «Ана тілі» газетінің 5-бетінде жариялаған «Қазақ ру, тайпалары атауының төркіні» атты мақаласында келтіретін деректерімен де сабақтасып, жақын қабысып жатыр. «Тағы бір тарихи дерек1979 жылы Өлгейде «Моңғолдың құпия шежіресі» бірінші рет қазақ тіліне аударылып басылып шықты. Бұл «Шежіренің» жазылып біткен жылы1240 жыл. Демек, қазақ халқы қалыптасыпты-мыс деген мерзімнен екі ғасыр әрі. Осы аударманың ішінен біз «қазақ күймесі»(31141-беттер) және «қазақ арба»(141-бет) тіркестерін кездестірдік… Егер де сол кездерде «қазақ» деген халықтың аты болмаса, арбаға қалай қосақталмақ?»,-дейді ол. Ал 1940 жылы Ташкентте басылып шыққан «Древние авторы о Средней Азии (VІ в. до н.э.ІІІ в.н.э.) деген кітаптан: «Нахширустанские надгробные надписи на могиле Дария Гистаспа. Говорит царь Дарий: «Вот области, которые я покорил за границами Персии… коссаки» (34-б.), «Коссакивероятно северо-персидское племя»(153-б.), «Дарий І Гистасп царствовал 521485 г.г. до нашей эры» (169-б.),-деген үзінділер келтіре отырып, «Бұл деректің мәліметі өзінен 4 мың жыл бұрынғы тарихты дастанға кіргізген Фирдауси хабарымен сәйкес келмейді деп кім айта алады. Шындап ден қойған жан Дарий айтқан «коссок» Фирдаусидағы «қазақпен» шендесіп жатқанын байқамасқа лажы жоқ. Дарий І бағындырдым деп отырған Персияның солтүстігіндегі «коссоктар» түрк тектес тайпалар екендігін анықтай түсерлік деректерден де құралақан емеспіз»,-дейді. Сөйтіп тарихшы Н.П.Толльдің: «Впрочем, часть ученых и до сих пор находит некоторые основания утверждать, что скифи были турками. Саками, по словам Геродота, персы называют скифов» деген байламдарын дәлел ретінде ұсынады («Скифы и гунны». Прага.1928 ж. 9 бет).

Қазақтың белгілі ғалымдары Т.И.Сұлтанов пен С.Г.Кляшторный да өздері жазған «Қазақстан: үшмыңжылдық деректемесі» атты кітабында Қазақ тарихын сонау ықылым заманғы сақтар дәуірінен бастап, Қазақ хандығы құрылған кезеңге дейін жеткізе отырып, қазақтың байырғы халқын орыстілді әдебиеттер күні кешегі кеңес дәуірінің 30 жылдарына дейін қайсақтар, қырғыз-қайсақтар деп тегіннен-тегін атамағанын айтып кетеді.



А.Айзахметов сөзінің соңында бүгінгі үлкен бір ұлт атауына айналған «қазақ» этнонимінің этимологиялық сыры дәл осы «қайсақ», «қырғыз-қайсақ», «Қырғыз-Қайсақ ордасы» атауларының астарында жатқаны ешбір талас тудырмайды дейді. Сөз жоқ, орыс үкіметі мен шенеуніктері бұл атауларды қазақтарға кезінде бекерден бекер таңбағаны белгілі. Ол үшін, әлбетте, көне қазақ тарихына қатысты өздерінде бар бұлтартпас ғылыми деректерге, мамандарының пікіріне сүйене отырып, осындай шешім шығарғаны анық. Осы орайда, тек 1925 жылы сәуірдің 15–19 аралығында өткен ҚАССР Советтерінің 5-съезі ғана қазақ халқының қырғыз-қайсақ атауын–қазақтар деп дұрыс өзгерткенін айтып кету керек сияқты. «Съезд шешімдерінің орысша текстінде «казаки», «Казакстан» деп жазылғандықтан, кейінірек, ҚАССР Орталық Атқару комитеті Президиумының 1936 ж. 9 февральдағы қаулысы бойынша, орыс тілі үшін неғұрлым дәлірек «казахи», «Казахстан» деген атау қабылданды»,-дейді бұл жөнінде Қазақ Совет энциклопедиясы (Алматы. 1975 ж. 7 т. 109 б.).

Бұл ғылыми деректер Қазақ ұлысының қияли емес, белгілі тарих кезеңдерінде өз ру-тайпалары бар нақтылы мемлекеттік құрылым болғандығын дәлелдейтін құнды мәліметтер. Бұл дереккөздерінде келтірілген көне ру-тайпалар атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен толық сай келетіндігіне көңіл бөлмеске болмайды. Мысалы, беріш, шеркеш, шағырай руларын алайық. Бұл ру атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен ұқсастығы кездейсоқтық емес, олардың туысқан бір ру екендігін көрсеткендей. Егер бұл байлам басқа да дерек көздерімен қуатталып, дәлелденер болса, онда біз тілге тиек тіп отырған көне Казахия ұлысы бөтен емес, өз мемлекетіміздің байырғы бастау бұлағы екендігінде күмән қалмайды.

Міне, бұл мәселені бізге жоғарыда аты ауызға алынған үлкен ғалымымыз Мұхамеджан Тынышпаев өзінің «Қазақ руларының генологиясы» ("Генеалогия казахских родов") атты белгілі, зерттеу еңбегінде шешіп береді. Ол мұнда қазақтар деп аталған черкестер мен кіші жүздің он екі ата байұлына қарайтын тағы бірқатар ру-тайпалары тарихын Алтай баурайынан басталған Ұлы қоныс аудару заманынмен (IV–VII ғ.ғ.) сабақтастыра баяндайды. Ол бұл деректерімен қазақтар мен оның құрамына кірген ру-тайпалар тарихын енді IV ғасырларға бірақ апарып тастайды. Енді сол деректерге көңіл бөліп көрейік.