Страница 10 из 11
ТАЙЫР – Ия, менің ойымша, бұл жерде үлкен батылдық қажет… Көріп отырғаныңыздай, жасырын тергеу әрекеті маңызды әрі салмақты және көптеген жағдайларда пайдалы. Бірақ, әрине, оны ешкім тек- тен-тек өз еркімен жүргізе алмайды.
ДАНИЯЛ – Ал, оған кім санкция береді?
ТАЙЫР – Тергеу судьясы. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде жа- сырын тергеу әрекеттерін белгілі бір мерзімге, яғни бір айға ұзартуға рұқсат етілген.
ДАНИЯЛ – Егер сіз айыптау үшін материал жинап үлгермесеңіз ше?
ТАЙЫР – Қажет болған жағдайда олар тергеу сотының санкцияла- уы арқылы да ұзартылуы мүмкін. Бір Казинода пара алу ісі тергелгені есімде – кейінірек толығарақ айтып беремін – ол жерде олар жасырын тергеу әрекеттерін алты айға ұзартты. Осының арқасында қылмыскер- лерді ұстау және жазалау мүмкін болды.
ДАНИЯР – Куәгерлермен қалай жұмыс істейтіні туралы егжей-тег- жейлі айттып өттіңіз. Ал, мұнда күәгер – құпия, былайша айтқанда агент. Оны жария етуге бола ма?
ТАЙЫР – Мұнда да ҚР ҚІЖК-де белгілі бір рәсімдер көзделген. Агент, сіз айтқандай, бүркеншік атпен куәлік береді, жүзін жасыра ала- ды. Мұндай жағдайларда сот отырысты жабық режимде өткізеді.
ДАНИЯЛ – Меніңше, жасырын тергеу әрекеттері өте пайдалы іс сияқты.
ТАЙЫР – Өкінішке орай, іс жүзінде бұл тек қылмыскерлердің ғана емес, сонымен бірге процестің басқа қатысушыларының да – атап ай- тқанда, күдіктінің ғана емес, қорғаушының да, тіпті куәгерлердің де өмірін қиындата алады. Және олардың іс жүргізу құқықтарын бұзады.
ҚҰҚЫҚТАР МЕН СЕБЕПТЕР
ДАНИЯЛ – Алайда, барлық тер- геулер бір жерде біреудің зорлық-зом- былық өлім белгілері бар мәйітті та- буынан басталмайды ғой.
ТАЙЫР – Құдайға шүкір, әрқа- шан олай емес.
ДАНИЯЛ – Ал, басқа жағдайлар- да сотқа дейінгі тергеуді бастауға не себеп болуы мүмкін?
ТАЙЫР – Біреудің мәлімдемесі, кінәсін мойындап келуі, лауазымды тұлғаның баянаты немесе тіпті БАҚ-тағы хабарлама. Бірақ, мұнда эко- номикалық құқық бұзушылықтарды тіркеумен байланысты нюанстарды да ескеру қажет. Тергеуді бастау үшін көптеген басқа процедуралар мен тексерулерді жүргізу қажет. Бұл қылмыстық құқық бұзушылықты кейбір азаматтық-құқықтық мәмілелердің орындалмауынан шектеу мақсатында жасалады.
ДАНИЯЛ – Бұл дұрыс емес қой?!
ТАЙЫР – Теория жүзінде – иә, әрине. Бірақ, іс жүзінде – бәрі де болуы мүмкін. Алаяқтар өз қылмыстарын дәл осы «азаматтық-құқықтық келісімнің орындалмағаны» үшін ұсынып жатады. Міне, сол кезде қиын- дықтар туындайды. Мен жүргізген бір азаматтық іс болды, ол қылмы- стық істерден туындады. Белгілі бір инвестор серіктесіне кондицио- нерлермен байланысты компанияны өркендету үшін ақша берген. Ал екіншісі ол ақшаны жұмсап қойған.
ДАНИЯЛ – Ұрлаған ба?
ТАЙЫР – Басқаша айтайық – жұмсап қойды. Алайда, жабдыққа емес. Менің клиентім қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазады, бірақ серіктесінің тапқырлығы нәтижесінде қылмыстық іс тоқтатылады. Ал, бұдан кейін не болды десеңізші? Бұл серіктесі қыл- мыстық жауапкершіліктен құтылғанына қуанудың орнына, моральдық зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінеді…
ДАНИЯЛ – Яғни, жәбірленуші оған жала жапты деп мәлімдейді ме?
ТАЙЫР – Әрине, ол жеңіске жете алмады, өйткені бұл жағдайда менің клиентім өзін жәбірленуші деп санады және өзінің конституци- ялық құқығын пайдаланды – арыз жазды.
ДАНИЯЛ – Дұрыс істеді, құқығы болды!
ТАЙЫР – Біздің бұл мәселенің ақ-қарасын шешуге құқығымыз жоқ. Жәй, құқығы болды дейік. Ал, егер ол қасақана жалған шағым жасаса, онда ол өтемақы төлеуі керек еді.
КІНӘЛІ БАС ЖӘНЕ ТАЗА ЖҮРЕК – АЙЫБЫН МОЙЫНДАП КЕЛУ
ДАНИЯЛ – Фильмдерде тергеушінің қылмыскерге шын жүректен өкінуі және кінәсін мойындап келуі оның жағдайын жеңілдеті дегенді жиі естуге болады. Бұл, шыныменде, солай ма?
ТАЙЫР – Өкінудің «шын көңілден болуы» – әрине, моральдық тұрғыдан қиын мәселе.
ДАНИЯЛ – «Шын көңілден» дегеннің дәрежесін меңзеп тұрсыз ба?
ТАЙЫР – Менің ойымша, қылмыскер шынымен өкінетін кездер де болады. Ар-ұждан деген бос сөз емес қой. Бірақ, көптеген жағдайларда бұл жазаны жеңілдету үшін ғана қолданылатын ыңғайлы тұжырым. Сон- дықтан да, мен прагматикалық терминологияны қолданғанды қалаймын. Ал, кінәсін мойындап келуі күдіктінің жағдайын және оның болашақ тағдырын, жазасын жеңілдетуі мүмкін. Тек, егер ол фактілерге сәйкес келсе және оларды бұрмаламаса ғана. Кейде, күдікті жоқ жерден істі өзі ойлап тауып немесе оны көбейтіп жатады. Нәтижесінде, әділеттілік, сонымен қатар, бүкіл қоғам зардап шегеді, өйткені нағыз қылмыскерлер бостандықта қалады және жазадан босатылады.
ДАНИЯЛ – Не себепті күдікті өзіне-өзі жала жабады?
ТАЙЫР – Құқық қорғау органдарында қылмыстық қудалаумен екі қызмет айналысады – анықтау және тергеу. Олардың арасында мүдделер қақтығысы жиі болып жатады. «Оперлар» үшін көрсеткіш – ашылған қылмыстардың саны, осы көрсеткіш бойынша олардың жұмысының сапасы бағаланады.
ДАНИЯЛ – Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысуының диалектикалық Заңын мектепте өткенбіз, есімде…
ТАЙЫР – Мәселенің мәні осында, мұнда диалектика мектептегі- дей үстіртін… Себебі тергеушінің жұмысының сапасы сотқа берілген істердің санымен бағаланады.
ДАНИЯЛ – Бұл жерде мүдделер қақтығысы неде? Қандай істі ашты, соны берд?
ТАЙЫР – Әрине, егер бәрі де шын мәнінде адал ашылған болса.
ДАНИЯЛ – Енді түсінген сияқтымын.
ТЕРЕЗЕНІ АшЫҚ ҚАЛДЫРМАҢЫЗДАР!
ТАЙЫР – Әрқашан «ашылған» қылмыс сотқа жіберілген іспен бір- дей бола бермейді. Оперлар тергеушілерге: Міне, біз сізге қылмысты ашып бердік, неге істі жібермейсіздер? – деп жатады. Өзім тергеуші болып жұмыс істеген кезде есімде, ұрлық туралы бір іс болды. Бір «Фор- точникті», яғни ұрлықшыны ұстадым.
ДАНИЯЛ – «Форточник» – бұл пәтер ұрлығының маманы ма? Ал атауы – пәтерлерге кіру әдісіне байланысты қойылған шығар?
ТАЙЫР – Сонымен, бір күні маған бүкіл аудандағы 35 ұрлық эпи- зодымен опер келеді де, мұның бәрі менің «форточнигімнің» ісі дейді. Бұл маған таңқаларлық жайт болып көрінді. Бірақ опер өз сөзінен тай- май, тергеу эксперименттерін жүргізуді ұсынады. «Форточниктен» жауап алып жатырмыз: «Мұны дәл сіз жасадыңыз ба?». Ол: «Иә, бұл менің ісім» – дейді. Іс сотқа кетті. Сөйтіп, ол сотталды.
ДАНИЯЛ – Барлық оқиға бойынша ма?
ТАЙЫР – Солай болса ғой! Бастапқыда ұстаған жалғыз бір іс бой- ынша. Қалған отыз бес іс бойынша – ақталды. Дәлелдер сәйкес келмейді, ол жерде тіпті алибиі бар. Міне, сізге өз кінәсін мойындап келгені! Оның жолы болды, әйтпесе, бөтен біреудің қылмысы үшін отыратын еді. Ал, ол қылмысты жасаған адамдар әлі күнге дейін еркіндікте жүретін еді. Енді, олар ұсталып, жазасын өтеді деген үміт бар.
ДАНИЯЛ – Иә, мұндай өкінуді шынайы деп айту қиын. Ал, ол немен түсіндірілді?
ТАЙЫР – Оған опердың не айтқанын немесе не уәде еткенін біл- меймін… Негізі, бұл «форточник» нашақор және мәжбүрлеп емделуге жатқызылған.
ДАНИЯЛ – Мұндай адамдарға қандай уәде беруге болатыны түсінік- ті. Оларды басқару да қиын емес.
ТАЙЫР – Өкінішке орай, солай. Сондықтан да, «кінәсін мойындау- дың» арқасында ашылған істерге әр- дайым мұқият қарау керек және кейбір жағдайларда қорғаушы тарапынан өте орынды күмән болуы керек. Қылмы- стық істі оқып жатқанда, құжаттар қалай жазылғанына, қандай қаламмен толтырылғанына дейін әрқашан өте мұқият болу керек…
ДАНИЯЛ – Яғни, олар «ақ жіппен» тігілген бе жоқ па?
ТАЙЫР – Болатын іс, болады.
МЫЗҒЫМАС ОДАҚ
ДАНИЯЛ – Егер мен дұрыс түсінсем, мұндай «ірілендіру» сот төрелігіне пайда әкелмейді ме?
ТАЙЫР – Жоқ, дұрыс емес. Көптеген жағдайларда, сіз айтқандай, «ірілендіру» тергеудің қалыпты бағыты үшін қажет. Бұл сотқа дейінгі тергеудің бір маңызды ерекшелігіне байланысты – қылмыстық істер қыл- мыс жасалған жерде тергеледі.
ДАНИЯЛ – Меніңше, бұл ойға қонымды.
ТАЙЫР – Әрине, қисынды. Міне, енді мына оқиғаны тыңдап көріңіз. Тергеуші болып жұмыс істеген кезімде кәсіби мамандармен жаб- дықталған Ұйымдасқан қылмысқа қарсы «алтыншы бөлім» болды. Сол кезде бандитизм туралы бір қылмыстық іс алдым. Қарақшылық шабуыл- дармен айналысатын өте күшті және жақсы ұйымдасқан қылмыстық топ кездесті. КСРО ыдырағаннан кейін көп ұзамай, 90-жылдардың басында.