Страница 8 из 11
Кешірім = жақсы көру = өзгеру.
Өзіңіз туралы ой-пікірлер сіздің əрекеттеріңізді басқарады жəне сіздің өміріңізді анықтайтын нəтиже соларға байланысты. Неге өзін-өзі бағалау біреуді жетістікке, ал біреуді түңілуге алып келеді. Себебі олар қанша позитивті ойлаймын деп күш салса да, олар әлі бәріне орта кінəлі деп ойлап жүр, проблема өзінде екенін мойындай алмай жүр.
Есіңізде болсын: сіз əрқашан өзіңізден басқа ешкімге керек емессіз, мысалы аяқ асты науқас болып қалсаңыз. Жақын адамдарыңызға немесе бəріне бірдей, жалпы көпшілікке ұнау мүмкін емес. Сіз дұрыс болсаңыз орта дұрыс болады. Адекватты мінез-құлық, ішкі тиыштық пен тазалық, дұрыс имани түсінік, өзімен-өзі адам болып кету, Эгоизмға қарсы анти қарулар.
Сізді түсінбегендер туралы ойланып көріңізші, олар сіздің ұмтылысыңызды мақұлдаған жоқ, себебі сіз бəріне бірдей ұнай алмайсыз, сондықтан өзіңізге ұнайтынды жəне өзіңізді өзіңіз сияқты жақсы көруді үйреніңіз.
ӨЗІҢІЗДІ СƏТСІЗДІКТЕРМЕН БІРДЕЙМІН ДЕП САНАМАҢЫЗ
Қателіктерге, сәтсіздіктерге ешқашан қадалмаңыз. Тағы бір рет қайталау керек: сіздің рухани болмысыңыз керемет (себебі Жаратушының өзі сондай), бірақ іс-əрекеттер əрдайым бірдей ақиқатқа сай бола бермейді. Сіздің əрекеттеріңіз сəтті болуы немесе толық сəтсіздікке ұшырауы мүмкін деп түпкілікті нəтижеге қадалмауыңыз керек. Сәттілік немесе сəтсіздік іс-əрекеттерімен байланысты, бірақ олар оның мəні мен себебі емес. Мәні мен себебі іште жатыр.
Өзіңізді қандай да бір əрекеттер немесе əрекетсіздік үшін айыптап, өзіңізді күйзеліске ұшыратасыз. Өз-өзін сәтсіздікке ұшыратудың жолы бөлек, өз-өзінің қабілетін ашудың жолы бөлек. Мынаны түсініңіз, біздің барлық қиналғанымыз, бақытсыздығымыз жəне айналамыздағы өмірге деген ашушаңдық, өзінің немесе басқа адамдардың үміттеріне сəйкес келмегендіктен, ақтай алмағандықтан өз-өзінен көңілі қалғандықтан болады.
Өзін – өзі бұзатын мінез-құлыққа бейім адамдар аз емес, мұндай мінез-құлықтың басты себебі – өзін-өзі жек көру сезімі. Бұл жеккөрушілік олардың біреудің үмітін ақтамағанын түсінуден туындайды. Біздің көпшілігіміз өзімізді, өзгені сыртқы формаға жəне қол жеткізген нәтежиеге қарай бағалаймыз. Біз сəтсіздікке ұшырағаннан кейін өзімізді ғана емес, басқаларды да сəтсіздікке ұшырататын сияқты көрінеді. Ата-аналардың, жұмыс берушілердің, діни тəлімгерлердің, достардың, жақындардың үміттерін ақтай алмай, біз өзімізді «пайдам жоқ», «керегім жоқ» қорытындыға келеміз. Себебі олар бізге солай айтады: «Сенің түк пайдаң жоқ», «Сенің бәрібір керегің жоқ».
Бұл өзін-өзі не басқаны сынау деп аталады. Сыни ойлау, өзіңізді сынға алу – бұл өзіңіз туралы жаман ойлау. Өзіңізді айыптай отырып, сіз жағымсыз эмоцияларды сезінесіз. Өзін-өзі сынау адамның өзіне-өзі әділ баға беруін жояды. Ол адамға оң, жағымды, позитивті ештеңе бермейді, оның салдары толығымен жойқын. Біздің əрқайсымыз, əрине, біраз əрекеттер жасаймыз, кейіннен өкініп қаламыз, бірақ бір сəттері біз өкінуді тоқтатып, əрі қарай өмір сүруді жалғастырамыз. Бұл бізге өмір үйреткен сабақ.
Егер сіз өзіңізге қарсы болсаңыз, сіз біреу үшін болыса алмайсыз. Ал басқаларға қарсы болу-өзіңе қарсы болу. Эзотериктер ғана емес, психологтар да келіседі. Сындар көбінесе жалған, орынсыз, не айтып не қойғанын білмейтін, ақиқатқа сай келмейтін болып келеді. Ондай сындар адамның жан жарығын өшіреді. Біреудің даралығын басу жəне біреудің өміршеңдігін бұзу өзін-өзі бұзатын мінез-құлықтың ең нашар көрінісі болып табылады.
ӨКПЕ-РЕНІШ ТУРАЛЫ ҰМЫТЫҢЫЗ
Бұл қандай сезім ештеңеге өкінбеу? Кінəсінің, қылмысының дəрежесіне қарамастан, барлық құқық бұзушыларды толығымен кешіргеніңізді бір минутқа елестетіп көріңіз. Осыдан кейін сіз қандай сезімдерді сезінесіз? Енді сіз өзіңізді немесе біреуді кешіре алмайынша, бақытсыздықтар, қиыншылықтар мен аурулар сіздің өміріңізден кетпейтінін түсінесіз деп үміттенемін. Біздің көпшілігіміз басқа адамдардың қателіктерін, ренжіткенін кешіруден бас тартамыз. Бізді пайдаланып алдап кететін немесе ренжітетін кез келген адам – біз үшін ықтимал жау сияқты. Бірақ іс жүзінде біздің жеке қатысуымызсыз ешкім бізді алдап не ренжітіп кете алмайды. Жалпы алғанда, айналамыздағы адамдар бізді ренжітуге, (арам) ниеті бар болса да бізге ренжуге себеп жоқ. Себепті біз өзіміз жасаймыз, өзіміз ренжітуге жол көрсетеміз, жол береміз. Дəл қазір сіздің ішіңізде барлық түрмеде отырғандарды кешіріңіз, əйтпесе олар сізді жояды. «Жарайды» дейсіз, – бұл түсінікті, бірақ «Сіз менің жағдайымды білмейсіз. Мені ол шынымен де қатты ренжіткен. Мүмкін бір күні мені қорлағанды, сорлатқанды ұмыта алармын, бірақ қазір емес». Мұндай ойлау сізді ренжіткен адамға қарағанда, өзіңіз үшін зиянды жəне жойқын екенін түсініңіз.
Адамдарды ренжіту арқылы бақытты болу мүмкін емес екенін біліңіз. Психикалық тəжірибе физикалық күйде көрінеді. Сіз біреуге ашуланып болмайынша қалпыңызға келмейсіз, адам ашуланған кезде ес жоғалтады. Жалпы теріс, негативті, жағымсыз эмоциялар иммунитетті төмендетеді. Есіңізде болсын: кімді ренжітсеңіз де, сіз өзіңізді ренжітесіз, өйткені біз бəріміз біргеміз. Барлығы байланысқан ортада өмір сүреміз. Жағымсыз, негативті сезімдердің орнына жағымды, позитивті сезімдерге алмастыруды үйреніңіз.
Көптеген философиялық жəне діни тезистер бір нəрсе əрқашан басқа нəрсеге қарағанда жақсырақ деген тұжырымға негізделген. «А» əрқашан «В» – дан гөрі жақсы. Бұндайға жол бермеңіз, себебі бұл тор. Басқалар сіз үшін «дұрыс» деп санайтын нəрсені ұмытыңыз. Есіңізде болсын, сіз жалпы «Шексіз Күш-Қуат» көзімен әрқашан байланыстасыз, олай болса сіз өзіңіз үшін не жақсы екенін өзіңізден артық ешкім білмейді.
БАРЛЫҒЫНА ҰНАУҒА ДЕГЕН ҰМТЫЛЫС – БҰЛ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛІМ
Бұл оқиға шамамен 700 жыл бұрын болған. Ұлы ұстаз, көпті көрген, ысылған тəжірибелі, бедел-даңқымен құрметті болған екен. Одан шəкірттері мен адал ізбасарларі одан «өлімнен қорқасыз ба?» деп сұрады. «Ия, – деп жауап берді, Бірақ мен өлімнің өзінен емес, «жаратушымен кездесуден қорқамын» деді.
«Бұл қалай сонда? – деді олар. Сіз бар өміріңізді діни ғылымға арнап, „Жаннатқа лайықты“ болатындай өмір сүрдіңіз. Сіз Мұса халқын құлдықтан босатқан сияқты бізді де надандықтан, қараңғылықтан, жарыққа шығардыңыз. Сіз Сүлейменнің даналығымен арамыздағы дауларды шештіңіз».
Бұл сөздерді естіген ұстазы ақырын ғана жауап берді: «Мен Жаратушының алдында тұрғанда, ол мені Мұса немесе Сүлейменге ұқсағаным туралы сұрамайды. Ол менен Сен өз тағдырыңа риза болдың ба?» деп сұрайды. Ал мен өз тағдырыма жеткілікті деңгейде разы болған емеспін, сондықтан қорқамын.» деген екен.
Көріп отырғаныңыздай, ақылды адамдар ежелден бері өзі болуға, разы болуға тырысқан. Неге кей адамдар əлі күнге дейін өзі бола алмай, разы бола алмай жүр? Себебі олар бəріне бірдей ұнауға тырысады. Адамның көңілін табамын деп ешқашан ойламай-ақ қойыңыз. Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Ұнаймын деп адам әртіс болады, маска тағады. Бастығына, күйеуіне емесе әйеліне, ата-анасына, балаларына ұнаймын деп артынан «қадірімді білмеді» деп әңгіме айтады.
Біз тек өзімізге жауап береміз. Сондықтан басқалардың пікірі немесе мақұлдауы (поощрение) маңызды болмауы керек. Сіз өзіңіздің өміріңіз үшін жауап бересіз. Сіз өз əрекеттеріңіздің нəтижелері мен өміріңіздің мəн-жайы үшін жауап бересіз.
Əр түрлі жалған құндылықтар мен неше түрлі ақиқаттан алыс қате сенім мен түсініктің кесірінен, отбасылар айырылысып, ажырасып, рухани біріге алмай жатады, кей отбасылар жойылып кетіп жатыр. Олардың өмір салтының дұрыс болмауы, бүкіл өмірі бұрыс ойларға негізделгенін дәлелдейді. Қарама-қарсы сенімдер соқтығысқан кезде күрес басталады. Бірақ ақиқаттың мəнін білгендерге басқалардың сенімі қауіп төндірмейді. Тек өзіне күмəнданған жəне өзінің шынайы «Мен» туралы білмейтін адамдара ғана қауіп пен қорқыныш бар.
СІЗ ӨЗІҢІЗГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?
Сіз өзіңізді көресіз бе, (ішкі көзқарас/сыртқы көзқарас) тыңдайсыз ба (ішкі дауыс/сыртқы дауыс)? Көп адам өзін көрмейді, естімейді. Айтыңызшы, сіз өзіңізді жақсы көресіз бе? Сіз өзіңізге сенім артасыз ба? Сіз берілген уəделерді орындайсыз ба? Сіз өзіңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба? Сіз күнделікті өмірде өзіңізбен адал қарым-қатынастасыз ба әлде өзіңіздің шынайы табиғатыңызды жасыратын адам болып көрінесіз бе? Сіздің адал достарыңыз бар ма, сатып кеткендері болды ма?