Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 6 из 11

ЕГЕР КӨМЕК КЕЛМЕСЕ ШЕ?

Бірде мен бір танымал әнші қыздың өмірбаянымен таныстым. Ол жас, əдемі жəне ақылды еді. Оның қалағанының бəрі болды, бірақ соған қарамастан ол өзін алкоголь мен есірткімен өлтіруге бірнеше рет тырысқан екен. Неге екенін білесіз бе? Өйткені ол ішкі бостық сезімінен құтыла алмады. Ол өзі армандаған шындықты өзі үшін, өзі жасай алатынын түсінбеді. Оның орнына, ол біреудің келуін күтті, оны бақытты етеді деп ойлады. Бірақ бұл біреу ешқашан пайда болған жоқ.

Өзгелердің көмегімен бақытты табуға болады деген ұмтылыс, сондай-ақ басқалар мені бақытты ете алады деген сенімділік, шексіз əлеуметтік жобалар мен əділетті, бақытты, ізгілікті қоғам құрамыз деген жалған сөздер ештеңе əкелмейді. Адамзаттың неғұрлым саналы, рухани және кемелді қоғам құрамыз деген жалған сенімінен гөрі қате түсінік жоқ. Жалқаулық танытпағандардың бəрі бізді жақсы өмір үшін, қоғамды жақсарту үшін күресуге шақырады. Бірақ бұл қате. Өйткені біздің əрқайсымыз жеке-жеке дара тұлғамыз, бірақ әлі мүмкін қалыптаспағанымыз бар шығар. Сізге қоғам көмектесуге міндетті емес. Əлеуметтік реформалардың күрделі жүйелері бізге ескінің үстінен жаңа ауыртпалықты жүктейді. Біздің ақылымыз шамадан тыс сансыз қоғамдық бағдарламалармен қалай күресуге болатынын білмейді. Үкімет бір нəрсені жақсы жаққа өзгертуге тырысқан кезде, ол бізді жоқтан мағына іздеуге мəжбүр етеді. Проблема мынада, біз əлемдегі барлық «дұрыс емес» нəрсені сыртқы факторлар арқылы түзетуге тырысамыз. Біз айналадағы шындықты өзгерткіміз келеді. Өкінішке орай, мұндай тəсіл алдын-ала сəтсіздікке ұшырайды, өйткені біз себеппен емес, бұрыс нəтижемен (салдарымен) күресіп келеміз. Ізгілікті қоғам бұндай жағдайда қалыптаспайды. Және үкімет те сізге көмектесуге міндетті емес. Әр адамның өмірі тек өзінің ғана қолында. Басқаға көмектескіңіз келе ме, өзіңізге көмектесіңіз.

ӨЗГЕРІСТЕР БІРІНШІ ІШТЕ БАСТАЛАДЫ

Біз өзімізге жəне басқа адамдарға, «ішкі əлемді өзгерту арқылы сыртқы əлемді өзгерте алатынын» мүмкіндігінше жиі еске салуымыз керек. Сырттай өзгерту əрекеті мүлдем пайдасыз жəне мағынасыз екендігінің көптеген дəлелдерін көреміз. Аштық, кедейлік жəне шексіз ұлтаралық қақтығыстар проблемасын тиімді шешу біздің ішкі əлеуетімізді іске асыру қабілетімізде жатыр. Əлемді (дүние) емдеудің жалғыз жолы – алдымен өзіңізді емдеу. Бұл идея жаңа емес, бірақ менің ойымша, біз кім екенімізді жəне не істей алатынымызды тағы бір рет еске түсіру артық болмас еді. Тартылыс Заңына байланысты біз саналы түрде немесе бейсаналық түрде өмірде және өзімізге не болып жатқанын тартамыз.

Айналамыздағылардың бізге жасаған барлық істерінде біздің жауапкершілік үлесіміз бар. Жалпы алғанда, біздің арамызда құрбан болғандар жоқ, біз бəріміз ерікті құрбандармыз. Жауапкершілік бұл ащы таблетка, бірақ оны жұтып қою керек, əйтпесе біз ештеңені жақсы жаққа өзгерте алмаймыз. Біз тек өзімізді, өзгені, өмірді, үкіметті, Құдайды ақиқатты қабылдамағанымыз үшін кінəлаймыз. Егер сіздің сағатыңыз уақытты дұрыс көрсетпесе, сіз не істер едіңіз? Сіз уақытты білмей, адасып, шатасар едіңіз. Өкінішке орай, біздің шындық пен ақиқатқа наразылық білдіре отырып, біз өзіміздің өмірлік ұстанымымызға қажетті түзетулер енгізуге асықпаймыз, керісінше өзіміз жасаған шындықтың біздің жалған елестерімізге бейімделуін талап етеміз.

СӘТТІЛІККЕ АПАРАР ЖОЛДЫҢ БАСЫ

Адамның ең үлкен күші оның ойларын басқара алатындығында жатыр. Ойланбайтын ақыл байлық, сəттілік пен денсаулыққа емес, ауруға, кедейлікке, қиындыққа бейім болады. Егер біз өз өмірімізді ақиқат қалағандай жасамасақ, бұл бізді бейсана басқарады дегенді білдіреді. Бірақ болмыс ақыл арқылы анықталғандықтан, біздің басты міндетіміз, өзін-өзі танудың мүмкіндігінше жоғары деңгейіне жету. Бұл Құдайдың адамды жаратқандағы мəнісінің бірі. Мұны істеу үшін сіз өзіңіздің өміріңізді объективті (әділ) бағалап, құндылықтар мен сенім жүйесін қайта қарауыңыз керек, тіпті егер бұл біздің өзімшілдігімізге (эго) қайшы келсе де. Шындықтың қандай да бір аспектісін өзгерту үшін біз ойларымыз бен қалауымыз арасындағы барлық қате сенім мен түсініктен арылуымыз керек. Тереңдікте сіз өзіңіз қалаған нəрсені нақты білесіз жəне егер сіз өзіңіздің ішкі дауысыңызды тыңдасаңыз, ол сізге бəрін айтады. Ақыл опасыздық жасай алады, бірақ жүрек ешқашан жасамауы керек. Ол сізді шексіз əмбебап күшпен (Жаратушы) байланыстырады, сондықтан оған сенуді үйреніңіз. Бейсаға сенемін деп бәрін жоғалтып алмаңыз. Өзіңіз жайлы қорытынды жасау бұл бірінші мақсат.

Сіз өмір бақи ішкі дауыс (ойларыңызды) тыңдап келдіңіз. Ішкі дауыс не айтса да, дəл сіз естуіңіз керек. Сіз оған көбірек сенуді үйреніп жатқанда, ол сізге қазіргі уақытта дұрыс шешім қабылдауға кеңес береді. Бірақ кеңесін бірден жүзеге асырмай, бірінші ақиқатын біліп алыңыз, себебі бұл Эгоизмнің да даусы болуы мүмкін.

Сіздің өміріңіз сіз үшін де мен үшін де өте маңызды жəне бүкіл адамзат үшін маңызды болуы тиіс. Біздің əрқайсымыздың өмірге келгендегі өз миссиямыз (тапсырмамыз) бар деп сенемін. Интуицияңызды (түйсік, ішкі дауыс) тыңдаңыз – жəне ол сіздің, кім екеніңізді, мақсатыңыздың не екенін айтады.

2. Өзіңіз жайлы білмейтін шындық

Көп адам өзі жайлы шындықты білмейді не одан қашады. Егер сіз өз өміріңізді бақылауға (контроль) алғыңыз келсе, алдымен сіз өзіңіздің кім екеніңізді түсінуіңіз керек. Өзіміздің «Мен» бейнесі (образ, концепциясы), яғни «өзіміз туралы ой-пікір» біздің өмірімізде шешуші рөл атқарады. Біздің барлық əрекеттеріміз, сезімдеріміз, ойларымыз жəне тіпті қабілеттеріміз осы «Мен бейнесіне» байланысты. Біз өзіміз ойлап тапқан рөлді ойнаймыз. Бірақ сіз бұл образға жабысқан кезде, ешқандай күш, ешқандай шешім жəне ерік-жігер сізге басқа немесе дұрыс адам болуға көмектеспейтінін білуіңіз керек, өйткені сіз əрқашан өзіңіз қалағандай (ақиқат қалағандай емес), өз сенім мен түсінік, өмірлік ұстанымымызға сəйкес əрекет етесіз (көбінесе ақиқатқа сай емес). Оны өзгерту, жақсарту үшін алдымен оның қалай қалыптасатынын түсіну керек.

Ерте жастан бастап біз өзіміз туралы ойларды жақсы немесе жаман, ақылды немесе ақымақ, сенімді немесе сенімсіз, батыл немесе қорқақ адам жəне т.б. деп бірнеше рет, жиі қайталаудың нəтижесінде, бұл негізсіз ойлар біртіндеп тұрақтап жалған сенімділікке айналды жəне «өзіңіз туралы ой-пікір» – «Мен» бейнесіне айналды. Ол бізге толық бақытты өмір сүруге мүмкіндік береді немесе қор болуға мəжбүр етеді. Біздің əрқайсымыз өзіміз туралы белгілі бір ой-пікірге иеміз, ол әрдайым ішкі дауыс арқылы «Мен…» деп басталады. Бұл ақыл-ой бейнесі қазіргі сізсіз жəне ол соңғы өлім сəтіне дейін маңызды. Тек шын мəнінде, бұл біздің шынайы «Мен» емес, керісінше, біз өзіміз туралы не ойлайтынымызды ғана білдіреді. Шынайы «Мен» (ақиқат пен жалғанға байланысты) ал «өзім туралы ой-пікір» (сенім, түсінік, ұстанымға байланысты).

Бұл «Мен», қалыптасқан ой-пікірлер немесе сенімдер шындық пен ақиқатқа мүлдем сəйкес келмеуі мүмкін, бірақ біз үшін өтірік шындыққа, жалған ақиқатқа айналады. Егер өтірік, жалған ақпарат бейсанада сақталса, біз оның дұрыс бұрыстығына күмəн келтірмегеніміз, бірден қабылдай салғанымыз. Көп жағдайда біз ол ақпаратты қалай немесе қайдан алғанынымызды есімізге түсіре де алмаймыз. Біз ақиқатқа сай əрекет етеміз бе? Жалпы бізді қоршаған ақпарат дұрыс болмаса да, біз оған керісінше сенбеудің орнына сенеміз, «Құлдық сананың» салдарынан сенеміз.

МƏҢГІЛІК ҚҰПИЯ

Өкінішке орай, адамзаттың көп бөлігі, ежелден бері барлық ұлы тəлімгерлер бізге не айтуға тырысқанын түсінбеді. Бұл «Мəңгілік Құпия», ең керемет ақиқат, оны кез-келген адам түсіне алады, өйткені адамның ең жоғары «Мен» деп аталатын рухани мəні – тұтас, толық жəне кемелді. Əрқайсымыз Жаратушының барлық қасиеттерін бейнелейміз, бойымыздан таба аламыз. Жаратылыстану ғылымдары да, психология да, философия да, дін де бізге бүкіл ғаламда бір ғана «Шексіз Күш-Қуат» бар екенін жəне адам сол күшпен немесе энергиямен (сізге қалай ұнайтындай атасаңыз болады) байланыс жасауды үйретеді. Біздің əрқайсымыз осы «Шексіз Күш-Қуаттың» жеке көрінісіміз. Ол біздің ең жоғары «Мен», «Жоғарғы Сана» деп атаса да болады.