Добавить в цитаты Настройки чтения

Страница 4 из 11

Өзінің ақылына өзі сенбейтін адам көп, сондықтан олар жұттан қалмау үшін ақыл іздейді, себебі өмірі сапасыз. Ал бейсана құлақпен тыңдайтын ақпаратты қабылдамайды, себебі ол дайын ақпарат. Ал кітап оқу бейсананы терең қозғайды, себебі ол ойландырады. Есіңізде болсын: ақыл – себеп, бейсана – салдары. Сонда «Менікі дұрыс» деп айтсаңыз болады.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІҢІЗГЕ СЕНІҢІЗ

Қалаған нəрсені жасау үшін, қалаған нəрсеге жету үшін əрқайсымызға берілген «Шексіз Күш-Қуатқа» (Құдайға) сеніңіз. Сіздің қарсылықтарыңызды естіп тұрмын: «Миллиондаған адамдар аштыққа ұшырады. Əлем аурулардан, соғыстардан жəне қылмыстардан жылап жатыр. Соған қарамастан, маған сенуге болатын қандай күш, не Құдай ол? Егер ол шынымен бар болса, неге мұның бəріне жол береді?». Бәлкім бұның барлығы «адамның өзінен шығар» деп ойлап көрдіңіз бе?

Жалпы алғанда өмірде екі қалау болады: Құдайдың қалауы, адамның қалауы. Берген (жақсылық пен жамандықты) Құдай, қылған Құдай емес. Құдай сауапты және күнәлі амалдарды жаратты, бірақ жасаған Құдай емес. Құдайдың қалауы сынау, адамның қалауы таңдау.

Шын мəнінде, «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) жақсылық пен жамандықтың пайда болуына жол беріп немесе жол бермейтін əділетсіз, арам емес. Біз оның әділ, бейтарап, алаламайтын, риясыз, тура және дұрыс екендігі туралы əңгімелестік. Егер де Құдай жамандыққа жол берсе, оның да өзіндік себептері бар.

Бұл үлкен жасампаз күш, өмірдің объективті (әділ) күші. Оның көмегімен бізге барлық жағдайды жасауға мүмкіндік берілген. Біз бейсаналық түрде əрекет етсек те, ол біздің қателіктерімізден сабақ алғанға дейін бізді қолдайды. Нəтиже (салдары) əрқашан себепке тең болады. «Шексіз Күш-Қуат» (Құдай) біздің таңдауымызға қарамастан, құлдырау немесе өркендеу болсын, бізді əрдайым қолдайды. Кез келген жағдайда түпкі (негізгі) себеп – біздің өз ойларымыз бен ниетіміз. Құдайдың басты сипаты Махаббат болса, одан кейінгісі Шығармашылық. Сондықтан шығармашылық қабілеттеріңізге сеніңіз!

КҮШ-ҚУАТТЫ БАСҚАРАТЫН ОЙ

Біз ойлар шындыққа, арам болса да, өтірік болса да, айналады деп айттық. Басқаша айтқанда, адамға ойлағаны беріледі, ол қалағаны емес, дəл ойлағаны. Сондықтан ойдың күші, ниет (қалау) күшінен жоғары, себебі ниет (қалау) ойдан пайда болады. Осы ұғымдардың арасындағы айырмашылық қаншалықты үлкен екенін сезініңіз (қалау мен ой).

Сіз бір нəрсе туралы ойлана қалсаңыз – бүкіл əлем (аспан) қозғалысқа енетінін ұмытпаңыз. Бұл сіздің ақылыңызда қандай да бір ой, қандай да бір идея пайда болғаннан кейін, сіздің өміріңізде оны жүзеге асыруға ықпал ететін адамдар немесе жағдайлар бірден пайда бола бастайды дегенді білдіреді. Шын мəнінде, сіз өз ойыңызбен (сөзіңізбен) амал-əрекетті қоздырасыз.

Айналаңызға қараңыз жəне сіз осы Шексіз Күш-Қуаттың (Жаратушы) ғажап, керемет туындыларын көресіз. Ең бастысы, ол күшке əрқайсымыз иеміз. Сіз шығармашылық күшіңізге қаншалықты сезімтал болсаңыз, сіздің өміріңіз соншалықты толық жəне бақытты болады. Бұл күш қалай жұмыс істейді? Сіз бен біз, барлығымыз рухани бірігу арқылы. Мысалы сіз осы кітапты оқу арқылы менімен рухани байланыс жасап отырсыз. Бұл сіздің ойыңызға әсер етіп, бәлкім сізге рухани күш беріп жатқан болар.

Көлікті іске қосу үшін не істеу керек? Электр стартерін қосатын кілтті бұрау керек, ол өз кезегінде қозғалтқышты іске қосады. Стартер электр қуатымен қоректенеді. Оның тікелей энергия көзі ретінде не қызмет етеді? Батарея? Жоқ. Батарея тəуелсіз энергия көзі емес. Оны зарядтау керек, қуат алатын қайнар көзі болуы керек. Ол əрине «Шексіз Күш-Қуат» (Жаратушы).

Жоғары «Мен» – бұл, шын мəнінде, біздің ішкі аккумуляторымыз, ғаламнан келетін энергия, ол шексіз күшті жинақтайды, сондықтан біз оны шығармашылық қызметімізде қолдана аламыз, əр салада, əр мамандықта. Физика курсынан, бізге формула арқылы көрсетілген Ом заңын білеміз: I = U/R. Тоқ күші (I), яғни электр тізбегінің учаскесіндегі энергия мөлшері (мысалы, біз тұрмыстық электр құрылғыларын қосатын розеткада) тізбектің учаскесіндегі кернеу (U) мен электр кедергісінің (R) қатынасына тең. Енді сіздің үйіңізге кернеуі 750 киловольт электр жеткізу желісі тартылды делік, бірақ сіздің пəтеріңіздің розеткаларында кернеу 220 вольттан аспайды. Кернеуді осы деңгейге дейін азайту үшін электр желісінде трансформаторлар қолданылады. Дəл солай ғаламның жоғары күшімен де солай болады. Құдайды сезіну үшін біз оған ең «Жоғары Мен» арқылы қосыламыз, бірақ шексіз əмбебап даналық, трансформатор сияқты əрекет етеді, бізді «күйіп кетуден» қорғайды, яғни біз оларды қабылдауға дайын болмай тұрып тым көп мүмкіндіктерге жол бермейді. Бұдан шығатын қорытынды: сіз көп нәрсені бұл өмірде қалай аласыз, бірақ сіз барлық сәттілік, бақыт пен қызықтарды қабылдай алмайсыз, көтере алмайсыз, күйіп кетесіз. Бір нәрсені қаламас бұрын, оны қабылдауға дайын болу керек. Егер сіз өзіңізді бақытсызбын деп санасаңыз, көп мүмкіндіктерге жол бермегеннің салдарынан.

Егер біз розеткадағы тоқ күшін арттырғымыз келсе ше? Ендеше, біз қарсылықты азайтып (шындық пен ақиқатқа деген, өмір заңдылықтарына деген), қосымша кернеуге төтеп беретін жаңа сымдарды орнатуымыз керек.

КҮШІҢІЗДІ ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ

Біздің алдыңғы мысалдағы өзеннің суы сияқты «Шексіз Күш-Қуат» – бұл үлкен көнуді қажет ететін терең мағыналы сөз. Сіздің Жоғары «Мен», ғаламның жоғарғы күшіне «қосылғаны» коммутаторды (электр тоғын жіберіп, тоқтатып тұратын құрылғы) бұрап, оны пайдалануға болатындығын білдірмейді. Сіз мұндай энергия ағынын жеңе алмайсыз. Сіз Құдайдан артық құдіретті емессіз. Бірақ Күш пен Мүмкіндіктерді біртіндеп арттыру үшін алдымен жасампаз əмбебап ақылмен (Құдаймен) кездесуге дайындалу керек. Бұл үшін қажетті жоғары деңгейді сезіну, сосын қалыптастыру, одан кейін осы күшпен байланыстыру керек. Бұның нақты әрекеті алдағы тарауларда айтылатын болады.

Əр қадаммен сіз ғаламның жоғары күшін көбірек сезінесіз жəне шығармашылық қабілеттеріңізді кеңейтесіз. Біз сіздермен жасампаз жаратылыстармыз жəне біздің əлеуетіміз шексіз. Шектеулерді шешу үшін біз бейсанадағы жазылған ақпараттарды, қалыптасқан сенім мен түсінікті ақылмен сұрыптау, іріктеу яғни сортировка жасауымыз керек.

Біз үнемі бір нəрсе жасаймыз, бірақ оны не үшін жасап жатқанымызды көбінесе түсінбейміз. Өзіңіздің шынайы «Мен» -ді жəне ішкі күшті дамыту жолын білу, бізге біртіндеп ойлану процесін бейсанадан ақылға айналдыруға көмектеседі. Бұл біздің жаратылыс деңгейімізге (болмысқа) оралуға себеп болады. Себебі біз дүниеге ең бірінші болу үшін келдік.

Ерікті жасампаздықтың бейсанадан (еріксіз) айырмашылығы, бізге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Бейсананың көбінесе таңдауы жоқ, қалай қалыптасты, солай кетті. Еліктеушілік, Тəуелділік пен Құлдық сана арқылы қалыптасса, ол солай қалыптасып кетті деген сөз. Бірақ өзгертуге болады. Біз адамның өз тағдырын таңдайтыны туралы жиі айтамыз жəне естиміз, бірақ іс жүзінде бұл дұрыс емес. Тағдыр Құдайдан емес, өзінен емес, ортадан пайда болады, себебі ол бейсаналы түрде еріксіз қалыптасқан.

Кез-келген адам саналы түрде үйлесімсіз қатынастарды, қаржылық проблемаларды немесе өмірдің басқа да қолайсыз жағдайларын таңдауы екіталай. Көп жағдайда біз қалыптасқан режимде əрекет етеміз, өткен тəжірибеге сүйене отырып, түсінік мен сенім жүйесі арқылы бейсанаға (ішкі дауысқа) сенеміз. Бейсана бәрін жасай алады, бірақ ол сонымен қатар сізге зияндық тигізе де алады. Ол адамды зомби (гипноздалған), эгоист (өзін ғана ойлайтын), хайуаннан еш айырмашылығы жоқ, жаман әдеттің құрбаны қыла алады. Сізді күйзеліс пен неврозға шалдықтыра алады. Теріс, жағымсыз, негативті реакция мен рефлекс қалыптастыра ала алады. Бұған анти әрекет жасауға сіз міндеттісіз.

Ол үшін ақылды іске қосу, ойлану, таңдау жағдайына жету, саналы көзқарасты білдіреді. Егер адам бейсанасына сеніп, еріксіз түрде өмір сүрсе, ол саналы, ерікті шешім қабылдай алмайды, ол автопилотта əрекет етеді. Сіз осылай өсіп, дамып келдіңіз! Автопилотта əрекет ету тек өзін-өзі сақтау инстинктін басшылыққа алуды білдіреді. Бұл сананың «Эгоизм» яғни хайуани бөлігі.